Таза сары майды қалай ажыратуға болады?

Таза сары майды қалай ажыратуға болады?

Дүкенге бара қалсаңыз, сары май, маргариннің түрлі нұсқаларынан бас айналатыны ақиқат. Сыртқы орамасы ұқсас болғанымен де, құрамы жер мен көктей. Ережеге сай, орамадағы май ма әлде басқа ма, оны құрамының қасында жазылған жапсырма қағаздан оқуға болады. Оларды тануға бағасын көру де көмектеседі. Нағыз таза сары майдың арзан тұрмайтыны анық.

Сары майды тексерудің танымал жолдары

Майды үй жағдайында тексеру өте қарапайым дейді тұтынушылар. Мұздатылған сары майды кескенде егер ол үгітілетін болса, ол таза, ал біркелкі кесілсе қандай да бір қоспалар қосылған деген пікірдің бар екені белгілі. Оны тексерудің тағы бір жолы бар: егер майды қыздырса, ақ түсті көбік пайда болады, ал маргарин көбіне өсімдік майына ұқсас келеді. Алайда мамандар мұнымен толықтай келіспейді. Олардың айтуынша, былайша тек қана оның құрамындағы зиянды бөліктерді емес, майлылығын тексеру мүмкін.

Денсаулық үшін қайсысы қауіпті: маргарин, спред немесе май

Сарапшылардың айтуынша, сары майда бірінші кезекте трансмайлар болмауы қажет. Көбіне бутербродта емес, кондитерлік өнімдердегі трансмайлар қауіпті келеді. Құрамындағы трансмайлар көп кездесетін маргарин көп жағдайда инфаркт, инсульт, атеросклероздың пайда болуына әкеп соқтырады.

Сарапшылардың көрсетуінше, егер қаптамада гидрогенизделген май не маргарин деп жазылған болса, мұндай өнімді сатып алмаған орынды. Осындай зиянды қоспалардың әсерінен жүрек-қан тамыр ауруларының пайда болуы 20% пайызға арта түседі.

«Спред» белгісі қойылған сары май – олардың нағыз ортасы. Спред майдан арзан тұрады, алайда маргарин секілді денсаулық үшін соншалықты зиянды емес.

Бірақ таза сары майдың өзін де ғалымдар адам үшін зиянды тағамға жатқызып келгені белгілі. Бертін келе мамандар сары майдың денсаулық үшін пайдалылығын анықтаған болатын. Алайда бұл өнімді медицина мамандары тәулігіне 15 грамнан артық тұтынбауға кеңес береді.  

reactor

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста