Теңіз қырыққабатының қандай пайдасы бар?
Теңіз қырыққабаты көптеген аурулардың алдын алуға ықпал етеді деп естідім. Оның адам денсаулығына нақты қандай пайдасы бар екенін айтсаңыздар екен.Жанар Асылбекова, Қарағанды
Денсаулық сақтау саласы мамандарының айтуынша, теңіз қырыққабатының құрамында адам денсаулығына қажетті дәрумендер өте көп. Оның пайдасы жөнінде айтар болсақ, теңіз қырыққабаты қанның құрамындағы холестерин деңгейін төмендетіп, оның ұюын ретке келтіруге және жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға ықпал етеді. Сол сияқты асқазан жолдарының жұмысын жақсартып, иммунитетті қалыптастырады. Йод тапшылығының алдын алуға және қалқанша безі ауруларын емдеуге таптырмас дәрі көрінеді. Оның радионуклид, ауыр металл сияқты ағзадағы уытты заттарды ығыстырып шығаратын да қасиеті бар екен.