Тест: Туған айына қарап әйелдің мінезін тануға болады
Мінез-құлық қанмен тарап, тұқым арқылы беріледі. Әрине, одан кейін барлығы тәрбиеден бастау алатыны да рас. Дененмен, кеңінен етек жайған астрология ғылымы адамның мінезін тануға мүмкіндік береді.
Anabol.kz –пен бірге туған айына қарап мінезіңізді анықтап көріңіз.
ҚАҢТАР
айында туылған адамдар шыдамды әрі жігерлі келеді. Бұл айда туылған әйелдер «еркек мінезді» болып келеді. Олар тәкаппар болғандықтан, еркіндікті сүйеді. Қай салада болсын биіктен көрінгенді қалайды. Мінездері отбасыларына кейде жайсыздық танытқанымен, күйеулерін өлердей сүйеді. Және әрқашан қандай жағдайда болсын көмектесуге дайын. Тәтті тағамдар жасауға әуес.
АҚПАНДА
туғандар тік мінезді, бірақ ұстамсыз келеді. Мінезі көңіл-күйіне байланысты өзгермелі. Бұл айда туылған әйелдер мейірімді, сабырлы, балажан. Отбасына жайлы, бала тәрбиесіне ерекше мән береді. Алдағанды кешірмейді.
НАУРЫЗДА
Туылғандар өте сезімтал жандар. Олар табандылық пен бірбеткейлік танытса, көп нәрсеге қол жеткізер еді. Әйелдер болашаққа бал ашу мен көріпкелдерге көп сенеді. Олар өздерінің сыртқы сұлулығына көп көңіл бөледі де, үй тірлігін екінші орынға қояды.
СӘУІР
айында туылған адамдарға тән мінез - қаталдық. Олар алға қойған мақсаттарына жету жолында батылдық пен табандылық таныта күреседі. Әйелдер үшін ең бастысы отбасы, жанұя. Ақылы мен ашық-жарқын мінезінің арқасында көпшілікке ұйытқы бола алады.
МАМЫР
айында туылған адамдар принципшіл, билікқұмар және бірбеткей болады. Бұл айда туылған әйелдер кекшіл, жәбірлегендерді кешіруі қиын. Ажырасуы оңай болғанымен, артынан өкініп қалады. Бұл әйелдерді жұбайы емес, тұрмыс жағдайы қатты қызықтыратындықтан шаңырақтарының мықты болуы сирек кездеседі.
МАУСЫМДА
өмірге келгендер уайымшыл,әрі тез жараланғыш. Істеген істеріне сергектікпен, байыппен қарайды. Табиғи дарынды, алғыр және мейірімді. Өзінің жақындарына тұйық көрінгенімен, сырт адамдармен ашық-жарқын шешіліп, сөйлеседі. Дау-дамайдан алыс жүргенді ұнатады. Әйелдер үй тазалығына ерекше көңіл бөледі. Әдемі әрі қымбат ыдыс-аяқтарға қызығады. Мереке сайын болмашы сыйлық ұсынған адамды өмір бойы мақтап жүруге дайын.
ШІЛДЕДЕ
туылған адамдарға өзімшілдік, ұстамсыздық және шыдамсыздық мінездері тән. Өздерін кісі баласына тәуелді етпейді әрі өте тәкаппар. Дос-жарандардың айтқанынан шыға алмайтын көнбіс. Әйелдер күйеулеріне би болуға құмар. Әрқашан бірнәрсеге көңілі толмай, соған жоқ жерден ұрыс шығарып жүреді.
ТАМЫЗ
айында туылған адамдар әсершіл, бірбеткей, қуатты болады. Еңбегі жемісті, бірақ кейде аңғалдығы да бар. Әйелдер өзіне-өзі сенімді, қайратты, бірақ уайымшыл, кек сақтамайды. Үй шаруасына пысық.
ҚЫРКҮЙЕКТЕ
дүние есігін ашқан адамдар қызуқанды, жанжалға жақын, әсершіл, үнемі алдына мақсат қойып, соған жету жолын ойланумен жүреді. Сыйлық бергенді ұнатады. Бірақ ақшаны үнемдеп жаратады. Өзін-өзі жақсы көреді. Әйелдер күйеуінен гөрі өзінің жайын көп ойлайды. Тәуелсіздікті жақсы көреді,шыдамсыз. Ұйқыны тәуір көргендіктен үнемі жұмысқа кешігеді. Үй шаруашылығына пысық, тамақты дәмді әзірлейді, үйді таза ұстайды.
ҚАЗАН
айында туылған адамдар қарапайымдылығымен ерекшеленеді. Әйелдер принципшіл, есте сақтау қабілеті мықты. Сатқындар мен екіжүзділерді кешірмейді. Өмір бойы шаңырағының шайқалмауы үшін күреседі. Үй шаруасының шебері. Өзіне сын айтқандарды жақтырмайды.
ҚАРАША
айында өмірге келген әйелдер өзін-өзі жақсы көреді. Отбасында өздерін жетекші санайды, күйеулерімен көбінесе санаса бермейді. Жар таңдау жолында ынжық, момын еркектерді қалайды. Көпшілік ортада көзге түскенді ұнатады. Бала тәрбиесіне тым қатал.
ЖЕЛТОҚСАН
айында туылған адамдар өте сезімтал және ақкөңіл. Әйелдер ашық мінезді келеді. Үйден гөрі түздің жұмысына бейім. Көпшіл, бауырмал. бала тәрбиесіне ерекше мән береді. Сезімтал, қызуқандылығы да бар. Өкпе-ренішті кешіре алмайды.