Тьюторы несі тағы?
Менің ұлым – қаладағы жоғары оқу орындарының бірінде оқытушы. Бұған қоса ол тьюторлық қызметті де атқарамын дейді. Тьютор деген не?Күнай апа, Алматы облысы
Тьютор бұл белгілі бір пән бойынша практикалық (семинар) сабақтар жүргізу, оқу процесін жетілдіріп, оны оңтайлы ұйымдастыру мен орындау бойынша кеңес беретін, семестрлік және курстық жұмысқа басшылық ететін, практиканы ұйымдастыратын пән оқытушысы болып табылады. Тьютор бойында оқытушының, кеңес берушінің және менеджердің қасиеттері болуы керек.
Тьютордың міндеттері:
– білім алушыға мейлінше көбірек көмек беру;
– білім алушының үлгерімін жүйелі түрде бақылап отыру;
– орындалған тапсырмалар бойынша қайта дайындық сабақтарын ұйымдастыру;
– топқа немесе жеке студентке кеңес беру;
– ынталы студенттердің белсенділігін арттырып, оларға қолдау көрсету.