Төсек қатынас кезінде жасауға болмайтын үш қателік
Төсектегі қателіктер ғашықтар қарым-қатынасының бұзылуына елеулі септк тигізеді. Бұл жағдайды болдырмас үшін сексолог мамандардың ұсынған үш қағидасын ұстану қажет деп хабарлайды NUR.KZ.
Жыныстық қатынас саласының мамандары ғашықтарға төсек қатынасында мынадай үш қателікті жібермеуге келелі кеңес береді. Олардың айтуынша, бұл қағидаларды ұстанғандардың қарым-қатынастары одан бетер жақсара түспек.
1. Ұят. Жыныстық қатынастың шектеуі болмауы тиіс. Махаббатқа бөлену бір қалыпта бола бермегені абзал. Төсек қатынасы кезінде сан түрлі кейіптерді қолданып көруден ұялмау қажет. Мезі болған қалыптан көшіп, басқа түрлі айла-тәсілдерді қолданып, төсек қатынасын жандандыру арқылы оларға жаңа леп сыйлау маңызды. Сол кезде ғана ғашықтардың өмірі түрлі әсерге толы болмақ.
2. Салыстырмау. Төсек қатынасы кезінде сүйіктіңді өзге бұрынғы ғашықтарыңмен салыстырмаған жөн. Себебі, салыстыру арқылы адам өз сүйіктісінің бойына сенімсіздік ұялатады.
3. Ұсыныс білдіру. Жыныстық қатынасқа деген ынтық сезімді жасырмау керек. Өйткені, ғашығыңыз төсектес болуға өзі ғана ұсыныс білдіре берсе, сіздің әрекетіңізді қызғушылықтың жоқтығы деп қабылдап алады. Сол себепті, сүйіктіңіздің алғашқы қадамын күтпей, кейде өзіңізге де әрекет етіп тұруға тура келеді.