Төсек қатынасында бұл әдеттерді қайталамаңыз
Төсек қатынасы ләззат сыйлап қана қоймай, отбасын бұзуы да мүмкін. Себебі төсек ойынында қателік жіберетіндер жиі кездеседі. Сондықтан дәл қазірден бастап оларды қайталамауға тырысыңыз.
Ықыластың жоқтығы
Әрине кез келген еркек әйелдің «иә» деген сөзін естуі үшін артынан жүгіреді. Ал одан кейін оның құмарлығы басылып қалуы ғажап емес. Сүйіктіңіздің төсекке деген ықыласы басылып қалса, өзіңіз бастауғы тырысып көріңіз. Ал сіз де қаламайтын болсаңыз бұл жақсылықтың нышаны емес.
Ұялшақтық
Сізден ешкім гейшаның шеберлігін талап етпейді. Бірақ кейде өзгерістер мен жаңалықтардың болып тұрғаны артық етпейді. Жұбайыңызды жалықтырмайтын амалдар іздеңіз. Оларды сынап көруден ұялмаңыз. Әрі ол үшін мінсіз мүсін болуы керек деген ойдан арылыңыз.
«Жоқ» деп айта алмау
Төсек қатынасында сізге ұнамайтын дүниелер болуы мүмкін. Статистикаға сенсек, әрбір үшінші әйел ұнамайтын нәрсені айтудан қорқады екен, себебі ері суып кетуі мүмкін деп ойлайды.
Салыстыру
Төсек қатынасында ештеңені салыстырып қарауға болмайды. Мысалы өзіңізді сәнбике қыдармен, немесе жарыңызды спортшылармен. Өйткені бұл ләззат алуға кедергі жасайды. Құмарыңызды қандырудың дәл айтылған тәсілі жоқ. Әркімнің жеке қалауы бар. Сондықтан осы сияқты әдеттерден аулақ болыңыз.