Төсекте ләззат алудың 5 құпиясы

Төсекте ләззат алудың 5 құпиясы

Бұл құпияларды ескеріп, күнде қайталайтын болсаңыз серіңіз жаныңыздан шықпай қалатын болады.

Кесте бойынша тояттаңыз!

Өздеріңіз үшін осындай «марафон» ұйымдастыруға болады. Мысалы күнде сағат 23:00-де жұмыстан шаршап келгеніңізге, көңіл күйіңіздің түсіп тұрғанына қарамастан сүйіктіңіздің қалауын орындаңыз. Өзіңізді нәзік болуға күштеңіз! Ол сіздің сенімді болуыңызға және сүйікті болуыңызға ықпал етеді.

Төсек ойыны туралы ашық айтыңыз!

Біздің тәрбиемізге жат мұндай әңгімелерді ашық айту, әрине ұят. Бірақ жұрттың көзінше емес, серігіңіздің өзіне айта беріңіз. Интимді мәселелерді ортақ қарастырған кезде шешімі де тез табылады. Біз қыздар серігімізге шексіз сенген кезде ғана төсекте де еркін боламыз.

Басыңызды демалдырыңыз!

Мәліметтер бойынша төсек қатынасынан ләззат ала алмайтындардың көпшілігі мимен жұмыс істейтіндер де болады екен. Осы фактіге сәйкес әрекет етуіңіз керек. Егер сіздің атқаратын жұмысыңыз миға күш түсіретін болса тұрақты түрде 20 минуттық үзіліс жариялап тұрыңыз. Бұл уақытта сіз тысқа шығып таза ауа жұтыңыз, жаяу жүріңіз. Бұл қарапайым қағида сіздің күндіз ғана емес, төсекте де сергек болуыңызға септігін тигізеді.

Жыныс мүшесін жаттықтырып отырыңыз

Кегель жаттығулары сіздің интимді өміріңізге пайдасын тигізіп қана қоймай, түрлі жыныс мүшелерінің ауруынан сақтайды. Бұл классикалық жаттығу түрін кез келген жерде қолдана беруге болатынын біз өткен жазбаларымызда айтқан болатынбыз. Көлікте, жұмыста, отырған кейіпте, тіпті қазір осы мақаланы оқып отырып та жасай беруге болады. Ол сізді де, сіздің серігіңізіді де рахатқа бөлейді.

Үш минутыңызды мақтау сөзге арнаңыз

Әр күн сайын өзіңіздің кемшін тұсыңызды айтып, ойлай бермеген дұрыс. Өзіңізді бағалап үйреніңіз. Өзіңіздің мүсініңізге көңіліңіз толатынын жиі ойлап, қайталаңыз. Ешкім жоқ жерде көзіңіздің, бет-әлбетіңіздің артықшылығын айтып, көңіліңізді көтеріңіз. Бұл сіздің кемшіліктеріңіздің түнде кедергі келтірмеуіне де көмектеседі екен. 

ikerim.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста