Төсекте не туралы сөз қозғауға болмайды?
Психолог мамандар бір-бірін әлі жақсы танып үлгермеген жұптарға төсек қатынасында айтуға болмайтын тақырыптарды атап берді. Себебі олар жұбының нені ұнатып, не нәрсені жақтырмайтынын бірден ажырата алмаййды екен. Бұл туралы liza4u.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.
Төсектегі тәртіп
Ресми кездесуде адамдармен қарым-қатынас жасасудың өз тәртібі болатыны сияқты, итнмдік өмірде де белгілі бір ережелер қалыптасқан. Ол үшін мына нәрселерден аулақ болған жөн:
Жаргонизм.Ойыңызды дөрекі сөздермен, дауыс көтеріп немесе "жанды жеріне тиісіп" жеткізуге болмайды. Мәселе қаншалықты қиын болса да, сүйіктіңіздің құшағында барынша жылы әрі нәзік әңгімелесуге тырысыңыз.
• Медициналық терминдер. Егер сіз түрлі терминдерді қолданып, ер азаматыңыздың миына ауырлық түсірсеңі, оның сізге деген ұштарлығы бірден сөніп қалуы мүмкін.
Тапсырма беру, Азаматыңызды қаншалықты билеп-төстеп отырсаңыз да, төсекте оған бұйырып сөйлемеңіз. Ол өзін төмен санап, сіздің жаныңызда қолайсыз сезінетін болады.
Сын айту. "Сен тым жыламсың", "Маған ұнап жатқан жоқ". "Мүлдем дұрыс істеп жатқан жоқсың" деген сөздер жағдайды ушықтырмаса, оны дұрыс жағына қарай өзгертеді деп айту әсте қиын. Сондықтан, қалауыңызды жеткізудің барынша жұмсақ түрін табыңыз.
Салыстыру. Ер адамдар әсіресе өздерін бұрынғы жігіттерімен салыстырғанға шыдап тұра алмайды. Тіпті сіз оны мақтап отырсаңыз да, ол сүйіктіңіздің намысын таптағанмен тең болады.
Басқа тақырыпқа ауысу. Жыныстық қатынас кезінде тіпті, өте маңызды әңгімелеріңізді де кейінге қалдыра тұрыңыз. Себебі жігіттердің басында тек бір іске ғана бағдарлама құрылып, ойын басқаға бөлгенді ұната бермейді.