Төстартқыш тағу денсаулығыңызға зиян
Төстартқыш-әрбір қыздың гардеробында маңызды орын алатын киім. Бірақ дәрігерлер оның денсаулыққа зиян екенін айтуда. Вашингтондық зерттеушілердің айтуынша, үнемі төстартқыш киіп жүру қиындықтар тудыруы мүмкін екен.
1. Көптеген қыздар төстартқыш төстің салбырауынан қорғайды деп ойлайды. Ал зерттаушілер оның өтірік сөз екенін айтады. Себебі емшектің салбырауы оның орналасуына және бұлшықеттеріне байланысты, сондықтан бұлшықеттерді нығайтуға күш салу керек.
2. Дәрігерлер төстің қимылдауы көптеген аурудың алдын алатынына сенімді. Себебі төс аурулары көкірешке тақпайтындарда аз болатын көрінеді.
3. Дұрыс таңдалмаған және табиғи матадан тігілмеген емшекқап қан айналымына кедергі жасайды. Сондықтан олардың денесінде төстартқыштың ізі қалады. Төстартқыштан бастарта алмасаңыз, денеңізде ізі қалмайтынын таңдаңыз.
4. Төстартқышты күнін 6-7 сағаттан артық тағуға болмайды. Негізінен денеге жабысып тұратын киімдер ағзаға белгілі бір дәрежеде зиян келтіреді. Мысалы тар джинс шалбарлар-варикозға, ыңғаусыз аяқ-киімдер-табанның ауруына, ал төстартқыштар-емшекті ауруға шалдықтыруы мүмкін.