Тотықұсты да қазақша сөйлетуге болады

Тотықұсты да қазақша сөйлетуге болады

Туған күніме ағам тотықұстың сөйлейтін түрін сыйлап еді. Күнде-күнде бір сөзді қайталап үйретіп жүрміз, бірақ бір жылдан асты, әлі сөйлеген жоқ. Не істесем болады?
Айбар САҒЫМБЕКОВ,
Алматы қаласы
Құстарды зерттейтін орнитолог ма­ман­дардың анықтауынша, тотықұстар­дың ішіндегі сөйлеуге бейім келетін түрлері какаду, ара және жако деп аталады. Жалпы, жан-жануарлар мен құстардың арасында адамның айтқанын қайталап, тілін меңгеріп алатын да – жалғыз осы тотықұс.
Оған қай тілде сөйлесеңіз, ол сол тілді үйренеді. Дегенмен тотықұсты сөйлету оңай емес. Ол үшін төзімділік керек. Ең алдымен құлағына сіздің айтқандарыңыз сіңісті бола беруі үшін үйіңіздегі тоты­құспен кәдімгідей әңгімелесіп тұру керек. Осыдан кейін ғана тіл үйрету сабағын бастаған жөн. «Шәкіртіңізге» күніне, кем дегенде, үш мезгіл, әрқайсысы 20-30 минуттан тұрақты түрде «дәріс» беруіңіз керек. Ал алғашқы сөзді олар екі-үш айдан кейін ғана айтады. Бұған дейін олардың тілі белгілі бір дыбысты ғана келтіруге икемді болады. Негізі, тотықұсқа тілді бір-ақ адам үйреткені дұрыс. Жақсы үйретілген жаколардың 200-ден астам сөзді естеріне сақтай алатын қабілеттері бар. Олар, әсіресе, дауысты дыбыстарға құралған қысқа сөздерді тез жаттап алады. Есте сақтайтын тағы бір нәрсе, күніне бір сөзді үйреніп алған тотықұсыңыздың талабын қолдап, оны мақтап, еркелеткен жөн. Осылайша, талмай еңбек етсеңіз, сіздің тотықұсыңыз алдымен әріптерді меңгеріп, сосын қысқа сөздерді үйреніп, бұдан соң бүтін сөйлемдерді айта алатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста