Түнде компьютер алдында отырудың зияны
Күнделікті «жұмыс» деп өткен қу тіршлік. Ал компьютер бүгінде көбіміздің сенімді серігімізге айналған. Таңертең, күндіз, кешке, жарайды, бұл уақытта жұмыс десек, тіпті, түнде де компьютер алдында отыру әдет болып кетті.
Түнде компьютерде отырудың зияны қаншама екенін білесіз бе?!
Ұйықтар алдында компьютер қолдануға болмайды.
Қалыпты жағдайда адам денесінің температурасы күндіз жоғары, түнде төмен болады. Экран жарығы көз бен жүйкеге кері әсер етіп, температураны жоғарылатып, ұйқы дұрыс болмайды. Осы тарапта компьютерді ұйықтар алдында қолдану аса зиян, сондықтан, екі сағат бұрын оның өшірілуін қадағалаңыз.
Ерлерде белсіздік пайда болып, жыныстық белсенділік төмендейді.
Жыныстық белсенділік төмен болған жағдайда, жұбайының ішіндегі бала қалыпсыз дүниеге келуі де мүмкін.
Қатерлі ісік (рак) ауруына алып келеді.
Компьютерден шықан ультрасәуле адам денесінің қан айналым жүйесіне, зат алмасу қызметіне ықпал жасайды. Осының салдарынан қатерлі ісік дертіне шалдығуы да ықтимал.
Жүрек-қантамыр жүйесіне бұзылады.
Жүрек-қантамыр жүйесіне тигізген компьютер зиянының әсерінен жүректің қысылуы, ұйқысыздық, әйелдердің ішкі қалыпсыздығы, жүректің баяу соғуы, ақ қан жасушаларының азаюы секілді ауруларға алып келеді.
Сондай-ақ, көру қабілетін нашарлататыны сөзсіз.
Ұзақ уақыт электро-магниттік сәуле алдында отыру көздің сезімталдығын төмендетіп, көру қуатын әлсірете береді.