Түнде тамақ жеудің қандай зияны бар екенін білесіз бе?
Түнгі уақытта тамақтану адамның сырт-келбетіне ғана емес, миға да зиянын тигізеді: тәуліктік ырғақтың бұзылуынан есте сақтау қабілеті нашарлайды. Түнгі астың денсаулыққа әсерін зерттеп-зерделеген ғалымдар осындай тоқтамға келіп отыр, деп ждазады New Scientist.
Генетик Дон Ло (Dawn Loh) мен оның Калифорния университетіндегі әріптестері ең әуелі тышқандарға сынақ жүргізді. Олар екі апта бойы кеміргіштердің бір тобын кешкі тоғыз бен түнгі үш аралығында, ал екіншісін таңғы тоғыз бен түнгі үш аралығында тамақтандырған.
Қос топтағы тышқандардың барлығы бір уақытта және бірдей ұйықтаса да, түнде қоректеніп жүрген кеміргіштер ұйқысыздыққа шалдыға бастаған. Бұған қоса, тәуліктік ырғақтары бұзылып, салдарынан бұл топтағы тышқандардың есте сақтау қабілетін тексеруге арналған сынақтардан «сүрінуі» жиілеген.
Әзірге түнде тамақ ішудің адамға қаншалықты зиян екені белгісіз, әйтсе де түнгі ауысымда жұмыс істейтін адамдардың логикалық тапсырмаларды шешуге келгенде қиналып қалатыны анық, дейді Ло.
bnews.kz