«Турайя» туралы білгім келеді

«Турайя» туралы білгім келеді

Әлемнің кез келген нүктесімен байланыстыра алатын спутниктік телефонның артықшылығы неде? Ол қанша тұрады? Айдос СӘЛІМБАЙ, Қарағанды қаласы

Қазақстандағы бүгінгі күні ең кең тараған спутникті байланыс Thuraya болып табылады. Компанияның өзі Араб Әмірлігінде тіркелген және авторлық дилерлер арқылы қызметтерін ұсынады.

Оның қамту аймағына әлемнің 120-дан астам мемлекеті кіреді. Оған АҚШ-пен қоса, барлық Орталық Азия, Еуропа, Таяу Шығыс, Үндістан түбегіндегі елдер кіреді.

Бүгінгі күні «Турайяның» бүкіл әлем бойынша 250 мыңнан астам абоненті бар. Олардың ішінде 5000-нан астам пайдаланушыны қазақстандықтар құрайды.

Осы байланыс түрінің тұтыну бағасына күнделікті пайдалану көзқарасы тұрғысынан қарайтын болсақ, қарапайым адамдар үшін бұл өте қымбатқа түспек. Тек телефон аппаратының өзіне ғана 140 мың теңгеден астам ақша төлеуге тура келеді, оған бастапқы пакет (SIM-карта + шоттағы 19000 теңге) – 22 400 теңгені қосыңыз. Желі ішінде бір минуттық сөйлесу 95 теңге, қазақстандық нөмірге қоңырау шалу 167,2 теңге болады. Нөмірге қоңырау шалу бағытына байланысты 121,6-дан 247-ге дейінгі аралықтағы теңгені құрайды.

Байланыстың бұл түрін қалтасы көтеретін тұрақты пайдаланушылар одан қол үзбек емес, ірі компаниялар мен мемлекеттік мекемелер үшін оның бағасы онша қымбатқа түспейді. Елсіз жерлерде анда-санда ғана болатын кәдімгі пайдаланушыларға келетін болсақ, олардың турайялық телефонды жалға алуларына болады. Әрине, алдымен сақтандыру жарнасын төлеуге тура келеді. Егер трубканы ұқыпты ұстаған болса, оны тапсыру кезінде өткізген ақшаны толық көлемде қайтарып алады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста