Түсіңізде өкіріп жыласаңыз өңіңізде не болады?
Түсіңде жылау немесе күлу шынайы өмірде керісінше жайт орын алатынын хабарлайды. Егер түсіңізде өкіріп жыласаңыз, өңіңізде қатты қуанасыз. Еnigma-project сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ өкіріп жылаған түсті қалай жору керегін назарыңызға ұсынады.
Түсті жорудан бұрын көз жасыңызға не себеп болғанын еске түсіріңіз.
Егер өкіріп жылап, жасыңыздың тамшылап аққанын көрсеңіз, бұл жақын болашақта байлыққа кенелетіндігіңіз. Жас тамшылары ақшаны білдіреді. Неғұрлым көп жас төксеңіз, соғұрлым көп ақша табасыз.
Ғашық бойжеткен сүйіктісі үшін көз жасын төксе, шынайы өмірде жігіті оған ілтипатын білдіріп, алақанында ұстайды деген сөз.
Түсіңізде сүйіктіңіз сізді тастап кетіп, сол үшін жылап отырсаңыз, шын өмірде сізге үйленуге ұсыныс жасалады немесе қуанышты өзгеріс болатындығын білдіреді.
Егер біреуді жоқтап, қайғырып жылап отырсаңыз, шынайы өмірде ұзақ ғұмыр сүретіндігіңіз.
Егер Морфей патшалығында біреуді жұбатып отырып, қосыла жыласаңыз, мұндай түс көп ұзамай тағдырыңызды түбегейлі өзгертетін кездесу болатынын хабарлайды. Сонымен қатар бұл жаңа адамдармен танысып, бұрынғы достарыңызбен қарым-қатынасыңызды жандандыратыныңызды білдіреді.
Ал қандай да бір жануарды немесе хал үстіндегі адамды аяп, көз жасыңызға ерік берсеңіз, онда өміріңізде оң өзгерістер болады деген сөз.
Алайда қатты күлгеннен көз жасыңыз ағып жатса, бұл шынайы өмірде үлкен соққы алатындығыңыз жайлы ескертеді. Мұндай келеңсіздіктің себепкері жақын адамыңыз болуы мүмкін.
Сондай-ақ түсіңіздегі жыл мезгілі де аса маңызды.
Түсіңізде жазда жүрсеңіз, кәсібіңіз өрге дөңгелейді. Қыс мезгілі болса, онда махаббатыңыз бен достығыңызды үлкен сын күтіп тұрғандығы.
Күз мезгілі болса, онда ақшаны үнемдеу керек, әйтпесе ағаш жапырағынан айырылған сияқты, қаржысыз қаласыз. Ал көктем мезгілінде жүрсеңіз, сізге көмекке бейтаныс адам келетінін білдіреді.