Тұтынушыны уысқа түсірудің 9 жолы. Дүкенде сізді қалай алдайды?

Тұтынушыны уысқа түсірудің 9 жолы. Дүкенде сізді қалай алдайды?
20 минутқа ғана дүкенге кіріп, қажет затымды алып шығамын деп ойлап алып, 45 минутыңызды сонда өткізгеніңіз қалай? Сіз білесіз бе сатып алушылардың 20 %-ы сатылымды еріксіз түрде жасайды екен. Анығында мәселе сатып алушыда емес, сатушыда. Олар дүкен арбасына сіздің қалайда көбірек зат салуыңызға мүмкіндік ашып қойған. 1. Кіреберістегі жұмақ Әдетте дүкендердің кіреберісіне жұпарлы балуызшам орнатылады. Түстер мен иіс мұрын жарып, сізді сатып алуға еліктіруі тиіс. Әсіресе жаңа піскен нанның иісі сізді елеусіз қалдырмасы анық. Кеңес: Егер дүкенге жаңа піскен бәліш үшін келмесеңіз, қақпаннан қашуға қауқар жинаңыз. Бұның барлығы маркетологтардың әрекеті екендігін ойласаңыз да жеткілікті. 2. Алып арбалар Кейбір гипермаркеттердегі арбаның көлемі кіші-кірім автокөліктермен бірдей. Кейде 3-4 зат салсаңыз ыңғайсыз жағдайға түсіп, оны да толтырғыңыз келіп тұратыны бар болар?! Кеңес: Үлкен арбаларды айналып өтіңіз. Егер шынында сүт алуға келсеңіз, себеттің өзі жеткілікті емес пе? Немесе сауда нүктесінде кішкене арбаның да болатынын ескергейсіз. 3. Азық- түліктің қарапайым түрлері Сүт пен нан, дәндер дүкеннің қақ ортасында орналасқан. Сондықтан оған жеткенше сізді талай еліктірерлік дүниелер күтіп тұр… Косметика мен қақталған балықтар, ірімшіктер сізге «мөлдіреп қарап тұрары» сөзссіз. Кеңес: Сатып алу үрдерісін ортаңғы қатардан бастаңыз. Себетіңіз толғанда сол тұстан артқа қайтсаңыз, ұтылмайсыз. 4. Байқалмайтын жерде орналасқан қажетті бөлімдер Дүкен сіздің жұмыртқа іздеп жүріп жеңілдікпен басқа тауарды сатып алуыңызға негізделген. Кеңес: Дүкенге барардың алдында қажетті заттардың тізімін жасаңыз. Сонымен қатар тізім бойынша толтырылмаған үш орын қалдырып кетіңіз. Сонда қосымша үш зат қана сатып аласыз. Артық шығын жасамайсыз, сәйкесінше көңіл-күйіңіз жоғары болмақ. 5. Әдетте қымбат брендті тауарлар сіздің көз алдыңызда тұрады Адамның бойын, көзінің тауарға түсу мүмкіндігін есептеп орналастырылған тауарлар дүкенде самсап тұрады. Кеңес: Тек қана бір дүкенге ғана бара бермей, сатып алу нүктесін үнемі өзгертіп отырсаңыз, сіз қымбат бренд сатып алуға ұрынбайсыз. Себебі бейтаныс дүкенде сіз бұрыннан алып үйреніп қалған, өзіңізге таныс тауарды іздеуге кірісіп кетесіз. Одан қала берді, бағаларды салыстырып, сөренің жоғарғы және төменгі тұсына көз жүгіртіп шығуды да ұмытпағайсыз. 6. Дәм татудың айласы Тауар өндіруші тұтынушыға дегустация шарасын өткізуден неліктен қорықпайтынын білесіз бе? Себебі ол сол әрекеті арқылы шығынының өтелетініне сенімді. Адамдарға дәмін көрсету арқылы, сатып алуға мәжбүрлеу түк те қиын емес. Кеңес: Дүкенге тойып барған дұрыс. Сосын дәмін көрген тағамды сатып алуға міндеттімін деген кінәмшіл ойдан аулақ болыңыз. Дәмін көрген жағдайда неліктен сатып алмайтыныңызды түсіндіруге міндетті емес екеніңізді есте сақтаңыз. 7. Судан шыққан балықтай Дүкендердегі мұздың арасында жатқан балық судан қазір ғана шығып, мұзға топ ете қалғандай әсер береді. Анығында ол талай рет мұзға қатырылып, талай рет еріген балық екенін білгейсіз. Кеңес: Мұзда жатқан емес, тоңазытқышта қатып тұрған балыққа таңдау жасаңыз. Ол арзан әрі дәруменге бай. Себебі ол бірнеше рет еріп, бірнеше рет қатқан жоқ. 8. Алғашқы қатардағы жеңілдікпен сатылатын тауарлар Анығында сол тауарлардың арзан болуы екі талай. Кеңес: Бұрынғы бағасы мен қазіргі бағасын мұқият қарап, салыстырыңыз. Екі бағада айырмашылық болса, сатып алуға болады. 9. Касса төңірегіндегі ұсақ-түйек Касса кезегінде тұрған адамның іші пысады. Ал іші пысқан адамның бір нәрселерді шұқылап тұрғысы келетіні сөзсіз. Сондықтан тәтті кәмпиттер мен, сағыздар әдейі осы тұсқа орналастырылған. Ал дүкенге баламен келсеңіз, тіпті торға түстім деп ойлай беріңіз. Кеңес: Мұндай жағдайда жеке төлем жасауға арналған терминалға жүгінген дұрыс. Жеңілдік купондары қажет пе? Кейбір дүкендер жапсырмаларды жинау арқылы қайсібір ыдыстарды жарты бағаға сатып алуға ұсыныс жасайды. Сол ыдысты интернет-дүкеннен қарап көріңізші, бәлкім сізге ұсынылған бағадан әлдеқайда төмен шығар. reactor
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста