Үйіңізді адыраспанмен қашан аластадыңыз?

Үйіңізді адыраспанмен қашан аластадыңыз?

Халқымыз дәрулік шипасынан бөлек әулиелік қасиеті мол санаған шөптерінің бірі «адыраспан» деп аталады. Біздің ата-бабаларымыз сондықтан оны үйдің босағасына іліп қойып, осы арқылы отбасын алуан түрлі бәле-жәлелерден сақтауға тырысқан. Осы өсімдіктің түтінімен үйдің ішін түгел ыстап, сол жын-шайтандарды, жаман адамдардың лас ниеттері мен қарғыстарын шаңырақтан аластайтын болған.
Денсаулық: Үйіңізді адыраспанмен қашан аластадыңыз?
Атам қазақ өзі аса киелі деп білген бұл өсімдікті өсіп тұрған жерінен жұлып аларда да оның әдеп-ибасын қатаң сақтаған. Біріншіден, оны қауызы толып, тұқымы толық піскен кезде ғана жұлған. Екіншіден, ер адамның ғана жұлуына рұқсат етілген. Үшіншіден, сол жұлатын адамның жаны ғана емес, үсті-басы таза, дәреті бар екеніне мән берілген. Төртіншіден, жұлушы кісі міндетті түрде Аллаһқа құлшылық етіп, «Бисмиллаһи-ир-рахман-ир-рахим! Мен келдім әр нәрсеге, адыраспан, Атыңды қойған екен Омар, Оспан. Бисмиллаһи-ир-рахман-ир-рахим!» деп барып, өсімдіктің сағағына қолын тигізген.
Бала күнімізде атам мен әжемнің үйінің ауласында көп болатын. Немерелер болып шұбырып ойнауға сол үйге баратынбыз. Сол кездің өзінде олар бізге: Киелі шөп, баспаңдар, таптамаңдар, обал болады деп айтаып отыратын еді.
Бұрынғы өткеннің бәрі Әулие демекші, кезінде өмір сүрген барлық емшілер осы Адыраспан шөбін көптеген емдерге пайдаланған екен. Фармакологияда адыраспан шөбінен жасалған дәрілер қабыну ауруын, бас, зәр айдауды жақсарту, тер шығару, ішек құрттарын өлтіру, орталық жүйке жүйесін қоздыру үшін қолданылады. Адыраспан тұнбасымен ішкі мүшелерге суық тигенін, малярия, безгек, мерез ауруларын жазған. Сол сияқты емшілер шөптің тұнбасымен ірі қара малдарының қотырын емдеген. Шөптің қайнатпасын невростения және қояншық ауруларына қарсы ішкізеді. Ауыздың қызыл иегі ауырғанда оны сол қайнатпамен шаяды. Көрдіңіздер ма бір ғана шөппен қаншама емдер жасалынады.
Бір өкініштісі казіргі таңда Адыраспанмен емдейтін емшілер кемде кем. Мүмкін медицинаның дамығаны шығар, мүмкін емшілер жоқ бұрынғыдай.
Біздер үйде Адыраспанмен үй аластаймыз. микробтарды жояды, жын-шайтандардан қорғайды. Айына бір рет жасап тұрамыз. Көбіне адам аяғы баспаған жерлерден адыраспандар әкеліп кептіріп қоямыз үйге. Керегін алып тұрамыз сосын. Бұны Тұмау жайлап кеткенде жасаған абзал.
Міне былай жасалады. Түтетіп алып бөлмелерді түгел аралып шығамыз....

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста