Үйлену күніне жұбыңыздың тағдыры тікелей байланысты

Үйлену күніне жұбыңыздың тағдыры тікелей байланысты

Сіз отбасылық өмір қарым-қатынасына үйлену тойы белгіленген күнгі жұлдыздардың орналасуы тікелей байланысты болатынын білесіз бе? Өз күніңізді тауып, болашағыңыз туралы бағамдай біліңіз!

Тоқты белгісі мерзімінде болған үйлену тойы: (20.03–19.04)

Үйленгенге дейін: сіздердің қарым-қатынасыңыз өте жылдам өрбіді. Көзді ашып жұмғанша Сіздің той күніңіз белгілі болды.
Үйленгеннен кейін: сіздердің қарым-қатынастарыңыз екі жақтан да мейлінше ырықсыз күйде, сол себепті отбасылық өмірде үлкен ұрыс-керістен айналып кетуге болмас.
Туындайтын мәселелер: сіздің жұбыңыздың ең қиындығы – екі жақтан да ұрыс-керіске жол бермеу. Кей кездері сіз тік мінез танытасыз, соның әсерінен ұрсысуға, өкпелеуге бейім тұрасыз.
Кеңес: барлық ренішіңізді, ашуланшақтығыңызды төсек қатынасына таныңыз – бұл шиеленісті қалпына келтірудің таптырмас жолы!

Торпақ белгісі мерзімінде болған үйлену тойы: (19.04–20.05)

Үйленгенге дейін: бастапқы кезде бір-біріңнің мықты, осал тұстарыңызды тиянақты зерттеп аласыздар, сондай-ақ материалды жағдайға да ерекше мән бересіздер.
Үйленгеннен кейін: екеуіңіз де тыныш, бір өлшемді өмірді қалайсыздар, бір-біріңізге үреймен қарайсыздар, бұл сіздердің қарым-қатынастарыңыздың өзін үрейге әкеп соғады.
Туындайтын мәселелер: екі жақтың да дұрыс шешімге келе алмауы – бұл жұптың ең үлкен қателігі болып саналады. Осы мәселені еңсеріңіз, сол кезде ғана сіздің үйіңізде махаббат пен тыныштық орын алады.
Кеңес: өзіңіздің жұбыңызға жүректен шыққан әдемі сөздеріңізді аямай, оны ісіңіз арқылы көрсетіп жүріңіз.

Егіздер белгісі мерзімінде болған үйлену тойы: (20.05–21.06)

Үйленгенге дейін: сіздердің кездесулеріңіз жақсы бір қалжыңның әсерінен орын алды. Қысқа уақыттың ішінде сіздерге ұнайтын түрлі тақырыпта әңгіме-дүкен құрып үлгердіңіздер.
Үйленгеннен кейін: сіздердің бір қарағанда жеңіл көрінетін әңгімелесулеріңіз шынтуайтында өте терең әрі шынайы.
Туындайтын мәселелер: мұндай кездері романтика бәсең тартады, тек қана естеліктер елесі қалады.
Кеңес: бірінші кезекте жақсы дос болу шарт, содан кейін үй болу мәселесін ойлаған орынды. Бірге айналысатын хобби іздеп, бір-біріңіздің жұмыстарыңызға көмектескендеріңіз де дұрыс.

Шаян белгісі мерзімінде болған үйлену тойы: (21.06–22.07)

Үйленгенге дейін: сіздер бірден жақын адамдарыңызды тапқандай болдыңыздар және бір жастықта қартаюды армандайсыздар.
Үйленгеннен кейін: бір-біріңіздің ойларыңызды бірден оқып отырасыздар, сіздерде тартылыс күші өте жоғары.
Туындайтын мәселелер: хобби, талғам және мақсат жағынан қатты ұқсайсыздар, бұл кейде қорқыныш ұялатады.
Кеңес: үрейленбеңіз, алдаусыратпаңыз, тек қана өмірдің рахатын көріңіз!
Бұл жұлдызнаманың Сіз үшін маңызды күнді белгілеуде көмегі тиеді деп үміттенеміз.

Арыстан белгісі мерзімінде болған үйлену тойы: (22.07–22.08)

Үйленгенге дейін: сіздердің араларыңызда нағыз бас айналдырарлық роман бар. Сіз еш уақытта да өз арманыңыздағы адаммен кездескеніңізге шәк келтірмейсіз.
Үйленгеннен кейін: сізде қарым-қатынас тек романтикалық қана емес, сонымен қатар зиялылық тұрғысында да орын алады. Сіздің жұбыңызды бір-біріне шынайы берілу мен терең ашықтық ерекшелендіріп тұрады.
Интим: сіздің жатын бөлмеңізде іңкәрлік салтанат құрған және онда серіктестер бір-біріне өз қалауларын батыл айтады.
Туындайтын мәселелер: Сізге «махаббат» қызығуына беріліп кетпеу маңызды. Нағыз шынайы сезімді сәбидің дүниеге келуімен нығайта түсу қажет.
Біздің кеңесіміз: серігіңіздің көңілін қалдырып алмау үшін оған өзіңіздің үстемдігіңізді жүргізуге тырыспаңыз.

Бикеш белгісі мерзімінде болған үйлену тойы: (22.08–22.09)

Үйленгенге дейін: жұбыңыздың қасында сіз өзіңізді қорғаныш жасалғандай сезінесіз. Екі жақтың қарым-қатынасындағы басты нәрсе— ертеңгі күнге деген сенімділік және тұрақтылық.
Үйленгеннен кейін: сіздің жұбыңызда өзгеге үлгі бола білетін қасиеттер жинақталған. Отбасында бір-біріңізге деген сенім бар, адалсыздар, сол себепті сіздің үйде ыдыс-аяқ сылдыры естілмейді.
Интим: сіздің жұбыңызға құштарлық ең бастысы емес, алайда жыныстық қатынасты еркек пен әйелдің міндеті деп те санамаңыздар.
Туындайтын мәселелер: егер сіз өз уақытыңыздың қалай өткені туралы жұбыңызға үнемі баяндап отырмасаңыз, сіздердің қарым-қатынастарыңыз тығырыққа тірелуі мүмкін.
Біздің кеңесіміз: жұбыңызға тиісіп, мазасын алғанды қойыңыз!

Таразы белгісі мерзімінде болған үйлену тойы: (22.09–23.10)

Үйленгенге дейін: сіздердің талғамдарыңыз ұқсас болған соң, бір-біріңізді ұнаттыңыздар. Сіздердің қарым-қатынастарыңызда бәрі де тепе-теңдік негізде құрылған.
Үйленгеннен кейін: сіздің жұбыңыз ылғи да биіктен көрінгісі келеді. Шама келгенше мәртебелі шараларға жиі барасыз. Екеуіңізді де өзгелердің өмірі қатты қызықтырады, мұны өздеріңіз де сезбей қалып жатасыздар.
Интим: сіздерде сезімтал және эмоционалдық қарым-қатынас орнаған. Сіз үнемі жұбыңызға әдемі сөздеріңізді айтып отырасыз, сондықтан ол да Сізді ылғи таң қалдырып жүреді.
Туындайтын мәселелер: егер екеуіңіз де келісімге келе алсаңыздар, сіздер түрлі қиындықты еңсересіздер.
Біздің кеңесіміз: әдеп сақтап, ұрыс-керіс шығармаңыз. Кез келген уақытта жұптың имиджін сақтап қалуға тырысыңыз.

Сарышаян белгісі мерзімінде болған үйлену тойы: (23.10–21.11)

Үйленгенге дейін: бір-біріңізге магниттей тартылып тұрасыздар. Сіздердің қарым-қатынастарыңыз құпия дүниелерге толы.
Үйленгеннен кейін: сіздің жұбыңызды әр күні түрлі оқиғалар күтіп тұрады. Сіздер екі адамдық спектакльде ойнап жүргендей әсерде боласыздар. Бұл жерде бәрі де бар: жұмсақтық та, нәзіктік те, құштарлық пен қызғаныш та. Бұл некені сіз ұзақ уақыт бойы естен шығара алмайсыз!
Интим: сіздердің араларыңызда құштарлық ерекше үлгіде өріс алған, оның шегі жоқ. Сіздер үшін махаббат күнде жасайтын салт-жоралғы секілді.
Туындайтын мәселелер: ерте ме, кеш пе, некедегі бұл қарым қатынастар сізді жалықтырып жібереді, сіз бұдан арылғыңыз келеді.
Біздің кеңесіміз: сіз некеңіздің ұзақ уақытқа сақталуын қаласаңыз, шыдамдылық танытыңыз. Бәріне дайын болыңыз, өйткені сіздің жұбыңыз тек тыныштық пен жайлылықтан басқаның бәрін береді.

Мерген белгісі мерзімінде болған үйлену тойы: (21.11–21.12)

Үйленгенге дейін: сіздердің таныстықтарыңыз үлкен махаббатқа ұласты. Бұл қарым-қатынастан екеуіңіз де ерекше ләззат аласыздар.
Үйленгеннен кейін: екеуіңіз де саяхатты, ой-өрісті кеңейткенді жақсы өкресіздер, оқи бергілеріңіз келеді. Әрдайым осылай бола бермек!
Интим: төсек қатынасында әр күні әр түрлі нәрсені ойлап табуға құмарсыздар. Ал қарым-қатынастың жарқын үлгісін хош иісті майлар мен үзілген раушан жапырақтары толықтыра түседі.
Туындайтын мәселелер: бір-біріңіз үшін араларыңыздағы еркіндік шегін анықтап алғаныңыз орынды. Сіздердің маңызды одағыңызға үшінші бір адамның килігуі ғажап емес!
Біздің кеңесіміз: бірге бас қосатын мерекелік шараларды ұйымдастырыңыз, қонаққа барыңыз, саяхаттаңыз. Тек қана әдемі, толыққанды өмір сіздердің некеде бақытты болуларыңызға кепілдік бере алады!

Тау ешкі белгісі мерзімінде болған үйлену тойы: (21.12–20.01)

Үйленгенге дейін: сіздер некелесуге шешім қабылдамастан бұрын бір-біріңізге ұзақ уақыт көз салып жүрдіңіздер. Өйткені, ештеңеге міндеттемейтін албырттықтың мәні жоқ деп есептейсіздер.
Үйленгеннен кейін: екеуіңізде өмірден және жұбыңыздан нені қалайтындықтарыңызды өте жақсы білесіздер. Өйткені, сіздердің ортақ болашақтарыңызға қатысты мәселелерді алдын ала келісім алғансыздар. Некеде бір-біріңізге ашыла бермейсіздер, тақуа болуды қоясыздар және тіпті ерекше әрекеттерге де барасыздар.
Интим: сіздердің түндерінің нағыз назға және жұбыңызға деген қамқорлыққа толы.
Туындайтын мәселелер: қарым-қатынасқа деген жүз пайыз сенімділік қана сіздердің одақтарыңыздың ұзаққа созылуына мүмкіндік береді. Еш уақытта өз серігіңізді алдамаңыз!
Біздің кеңесіміз: бір біріңіздің қызығушылықтарыңызға алалық жасамаңыздар. Барлық уақытта ойға алған бағытта жылжыңыздар!

Су құйғыш белгісі мерзімінде болған үйлену тойы: (20.01–19.02)

Үйленгенге дейін: сіздің қарым-қатынасыңыз лезде, күтпеген жерден орын алды және ерекше болды. Екеуіңіз де еркіндікті жақсы көретін, тәуелсіз жандарсыз, осы жағынан ұқсайсыздар. Алайда үйленбестен бұрын екеуіңізге бірге тұрып көрген дұрыс.
Үйленгеннен кейін: сіздердің жұптарыңыз үшін үйлену бірінші орында. Сіздер үнемі достардың арасында демаласыздар, болашақ туралы бірге ойлайсыздар, көп нәрседе ұқсастық пен белгілер тауып жатасыздар.
Интим: сіздің тұйықтығыңыздың кесірінен көптеген ойға алған мақсаттарыңыз жүзеге аспай қалып жатады. Төсек қатынасына келгенде кері тартудың қажеті шамалы.
Туындайтын мәселелер: екеуіңіз де бір-біріңізді үлгі тұтасыздар, сондықтан бір-біріңіздің көңіліңізді қалдырмас үшін «өзіңізді аттап» кетіп жатасыздар.
Біздің кеңесіміз: бір-біріңіздің ойға алған дүниелеріңізге мұқият болыңыздар!

Балықтар белгісі мерзімінде болған үйлену тойы: (19.02–20.03)

Үйленгенге дейін: бір кездері сіз өзіңіздің мінсіз серігіңіздің нобайын ойша сұлбалаған едіңіз. Сіз осынау елесті мінсіз серігіңізбен әйтеуір кездесесіз. Соны сол сезімдеріңізге кірбің түсіріп алмауға тырысыңыз.
Үйленгеннен кейін: Сіздер бір-біріңізді жарты сөзден-ақ түсінесіздер және серігіңізге барынша қамқорлық танытасыз. Егер ол қателікке бой алдырып жатса, онда оған қателігін түзету үшін екінші мүмкіндік бересіз.
Интим: Қалай болғанда да интим мәселесіне келгенде бір-біріңізді сынамаңыздар. Екеуіңізге де ұзаққа созылатын аймаласулар мен ыстық сүйістер ұнайды.
Туындайтын мәселелер: сіздің некеңіз – бұл үлкен бір елес. Егер мұңға бату ұнайтын болса, онда қайғыға батасыз, егер мәңгі сүйгіңіз келсе, онда сәл солай болады.
Біздің кеңесіміз: Серігіңізді сағынып үлгеру үшін жиі жалғыз қалуға тырысыңыз.

Бұл жұлдызнама сіздің жұбыңызға үйлену тойы күнін «дұрыс» таңдап алуға көмектеседі деп үміттенеміз. Ал егер ол күн орындалып кеткен болса — әрі қарай қандай бағытта өз қарым-қатынасыңызды жақсарту қажеттілігі туралы кеңес берері анық! 

reactor

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста