Үйленудiң 5 себебі: Сіздің себеп қайсына жатады?

Үйленудiң 5 себебі: Сіздің себеп қайсына жатады?

 Өмiр болған соң үй болып, отбасын құрудың түрлi формалары көрiнiс тауып жатады. Адам өмiрiнде екеу болып, шаңырақ көтерудi маңызды iс деп бiлемiз. Бiрақ отау құрғандардың жүз пайызы да махаббаттың әлегiне түспей-ақ үйлене салады. Некенiң қиылуы үшiн махаббат қана керек емес деп бiледi. Бүгiнгi қоғамда үйленудiң қандай жолдары бар? Қандай себептер некеге апарады?


СЕЗIММЕН ҮЙЛЕНУ


Бұл – ең маңыздысы. Әсiлiнде, адам бiткеннiң бәрi көңiлдерiнiң жарасып, сезiмдерiнiң байланғанынан үйленсе керек-тi. Бiрақ сезiммен бас қосып жат­қан адамдар көп те, аз да емес. Сезiммен үйленудiң үлесi көп. Сезiммен бас қосқандарды көбiне тұр­мыс жағдайы, әлеуметтiк орны секiлдi басқа да жағдайлары қызықтырмайды. Олардың махаббаттағы жеңiсi – неке.


ЕСЕППЕН ҮЙЛЕНУ


Сезiм жоқ жерде, сана тiрiлiп өзiнше сайран салады. Сөйтедi де некенi саудаға салғандай өз есебiн­ше өмiр сүредi. Есепке құрылған отбасындағы екеудiң бiреуi – әлдененi көксейдi. Оның материалдық дүние болуы әбден мүмкiн. Есепке құрылған отбасының барлық шешiмi саналы түрде шешiледi. Сезiмнiң жетегiнде кетiп, есiрмейдi.


АҚЫЛМЕН ҮЙЛЕНУ


Ақылдың көмегiне жүгi­нiп, өмiрлiк шешiм қабылдағандардың отбасы сезiм мен есептiң көме­гiне жү­гiн­гендерге қарағанда, әлдеқайда берiк болады. Өйткенi олар үйленбей тұрып-ақ өздерiне қандай мiнездi адам үйлесетiнiн, кiммен бiрлесiп өмiр сүре алатынын, отбасы болғанда қандай қиыншылықтар мен келеңсiздiктер туындайтынын алдын-ала бағдарлап, ойланып алады. Сөйтедi де, шешiм қабылдайды. Ақылмен отбасын құрғандарда уақыт өткен соң өкiну сезiмi аса көп бола бермейдi.


АМАЛСЫЗ ҮЙЛЕНУ


Амалдың жоғынан үйленуге шешiм қабылдағандарда есеп те, сезiм де, ақыл да жоқ. Олар үйлену керек болған соң ғана үйленуiне тура келгендiгiн айтып, ақталады. Бiрақ сонда да кейбiреуi қыз таңдап, бiраз жүрiп алады. Амалсыз үйленетiндердiң көбiнде қиялындағы қыздар кездеспей күйдiредi. Сондықтан бiразы амалсыз “дұрыстау” бiр қызды ала салады.


МӘЖБҮРЛI ТҮРДЕ ҮЙ­ БОЛУ


Қандайда бiр қысыммен мәжбүрлi түрде үйле­нетiндер үшiн шешiмдi өзге бiреулер шығарады. Бұл көбiне қыз балаларының өмiрiнде кездеседi. “Алып қашудың” құрбанына айналып, барған жерiнiң табалдырығын керi аттауға ары жiбермегендiктен, танымайтын немесе сүймей­тiн жiгiтiнiң қасында қалып қояды. Мұндай үйлену түрi­нiң кейде жақсылыққа да апаратыны рас.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста