Ұлттық ойындардың бес түрі
Жақында баспасөз құралдарының бірінен «қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлінеді» деген ақпаратты оқып едім. Нақты қандай түрлерге бөлінетіндігін білуге бола ма?
Қайрат Күнғабылов, Тараз қаласы
Зерттеуші ғалымдарымыз бүгінде ұлттық ойын түрлерін беске бөліп жүргені рас. Олар: 1) аңға байланысты ойындар; 2) малға байланысты ойындар; 3) түрлі заттармен ойналатын ойындар; 4) зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар; 5) соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Енді осы ойын түрлеріне қандай ойындардың кіретінін жіктесек.
Аңға байланысты ойындар: «ақсерек, көксерек», «аңшылар», «аңшылар мен қояндар», «кірпіше қарғу», «қас-құлақ», «ордағы қасқыр» т.б.
Малға байланысты ойындар: «аларман» (қойға қасқыр шапты), «асаукөк», «бура-қотан», «көк сиыр», «соқыртеке», «түйе мен бота» т.б.
Түрлі заттармен ойналатын ойындар: «ағашаяқ», «аққала», «ақпа», «ақсүйек», «ақшамшық», «алакүшік», «алтыбақан», «арқан аттау», «арқан тартпақ», «арқан тартыс», «арынды арқан», «асау мәстек», «асық», «аттамақ», «ауыртаяқ», «әйкел», «әуетаяқ», «батпырауық», «белбеу соқ», «белбеу тартыс», «дауыстап атыңды айтамын», «епті жігіт», «жаяу көкпар», «жемекіл», «жігіт қуу», «жігіт ойыны», «күзетшілер», «күміс ілу», «қамалды қорғау», «қараше», «қимақ», «қыз қуу», «лек» (шөлдік), «монданақ», «орамал тастау», «сақина жасыру», «сиқырлы таяқ», «тапшы, кімнің дауысы?», «таяқ жүгірту», «тепе-теңдік», «тобық», «тұтқын алу», «түйілген орамал», «шалма», «шертпек», «шілдік», «хал қалай?» т.б.
Зеректікті, ептілікті және икемділікті қажет ететін ойындар: «айгөлек», «айдап сал», «атқума», «аударыспақ», «бағана өрмелеу», «балтамтап», «бөріктастамақ», «бұғнай», «бұғыбай», «бұқатартыс», «бұрыш», «біз де», «егер...», «жасырынбақ», «жаяу жарыс», «көкпар», «көрші», «күрес», «қарамырза, қассың ба, доссың ба?», «қындық-сандық», «орын тап», «отырмақ», «санамақ», «сұрақ-жауап», «тасымақ», «тасымалдау», «тең көтеру», «тымпи-тымпи», «ұшты-ұшты», «үй үстіндегі кім?», «шымбике» т.б.
Соңғы кезде қалыптасқан ойындар: «әріп таңдау», «сымсыз телефон», «сыңарын табу» т.б.