Үш СМС арқылы әйелдің төсек қатынасына құштарлығын арттыруға болады

Үш СМС арқылы әйелдің төсек қатынасына құштарлығын арттыруға болады

«Басым ауырып тұр» деп «тебініп» шыға келетін әйелдер еркектерге ұнай қойсын ба? Әсіресе, некелі жарын құшқысы келетін еркектердің көбі ондай «еркелікті» көтере алмай қала береді. Жатын бөлмедегі ұрыстың бір себебі де осыдан туындап, ол жол-жөнекей тұрмыстағы кейбір материалдың кикілжіңге ұласып, арқасы дауға айналып кететіні де бар.

Ал оны болдырмау – тек әйелдің ғана еркінде емес, еркектер де аздап күш салып отырмаса болмайды. Әйел бала табуға да, отбасының күтімін жасап, ағайын-туғанның арасындағы байланысты ұстап отыруға да, жұмысын істеп, табыс табуға да, керек кезде күйеуін еркелетуге де дайын. Бірақ оларға да күш беретін «бірдеңе керек». Басқадан емес, күйеуінен, өзін сеніп тапсырған ер-азаматынан.

Ер-азамат не істеу керек? Төмендегі ҮШ КЕҢЕСТІ орындасаңыз жетіп жатыр.

САЛБЫРАҒАН қарыннан құтылыңыз (қарын байламаған абзал)

Әйелге ұнайтын қарын бар, ұнамайтыны тағы бар. Дегенмен, бел қайсы, белбеу қайсы дегізетін қарын өкпшілігіне ұнай қоймаса керек. Әрі десе, ол қарын көп жағдайда кедергі де келтіреді емес пе?! Әсіресе, жатын бөлмеде... Денсаулыққа да зиянды, «көтеріп» жүру де оңай емес.

Ал әйелдердің көпшілігі сымбатты, сымдай тартылған, бұлшықеттері тырсылдап көйлегінің ішінен теуіп тұрған, жуын білекті жігіттерге тамсанады. Айдаладағы басқа біреуге емес, неге өзіңізге тамсандырмасқа?!

Қысқасы, спортты серік еткеніңіз дұрыс.

Артық табыс кез келген әйелді «қоздырады»

Қызметіңіз бар, жағдайыңыз өзіңіз үшін қанағаттанарлық. Еркектердің бәрі солай ойлайды. Дегенмен, әйелдерге табыскер еркектер «тартымды» боп көрінеді. Сенбесеңіз, оған екі түрлі ортақ танысыңыздың «екінші әйел алмақ ниеті» бар екенін ойдан құрап айтып көріңіз.

Бай танысыңыз туралы «Әрине, тоқалды ол алмағанда кім алады? Дүниесі жетеді, тағы біреуін алса да жарасады», жағдайы төменін «ол алдымен бір әйелін қарық етіп алсын» әудем жерге лақтырып тастағандай етеді. Осыдан-ақ қорытынды шығару керек.

Жеке жұмысыңыздан басқа табыс кіргізетін тағы бір кәсібіңіз болғаны жақсы. Оның кем дегенде екі пайдасы бар. Бірі – отбасы бюджетін артығымен, болашақ үшін де қамтамасыз етесіз. Екіншісі, әйеліңіздің алдында абыройыңыз бұрынғыдан да артады. Тамағынан иіскемек болған емеурініңізді ешқашан кері қайтармайды. Табыскер әйелді жек көретін әйел болмас, жалғанда.

Әйеліңізді ерітіп түсіретін үш СМС

Смартфонсыз өмір босап қалғандай заманда өмір сүріп жатырмыз. Оны зиянына емес, пайдасына қарай да жаратпайсыз ба?

Әйеліңіз түнде «мазам болмай жатыр, басым ауырды» дегенді жиілетіп жіберді ме? Кешкісін жұмыстан немесе жиыннан қайтып келе жатқанда кезегімен үш СМС жазыңыз.

«Сенің қолыңнан шай ішкім кеп жатыр» - бірінші хабарлама жүйкесі ширығып, шаршаңқырап тұрған әйеліңізге басқа жағынан тиюі мүмкін. Дегенмен, іштей мақтаныш пайда болады міндетті түрде.

Бұл кезде смс-ті төпелетпей қоя тұру керек. Үйге жақын қалғанда тағы біреуін жібересіз.

«Екеуміз ғана шай ішейік, балаларды ойнауға жібересің бе? Қандай тәтті жейсің?»

Осы кезде әйеліңіз айнаға міндетті түрде бір қарап алады. Шай қоюлы деп есептей беріңіз.

Үшінші смс-тің уақыты келген жоқ. Үйге кірген соң шайды терлеп-тепшіп ішіп, жағымды әңгімелер айтуға тырысыңыз. Проблема ешқайда қашпайды және оны екі кештің ортасында шеше салмайсыз. Кешкі ас үстінде де балаларға қату болмай азды-көпті отбасылық әзіл айтып қойсаңыз, үйдегі ауа райын жылыта түсесіз.

Еркектің қабағы ашылған сайын әйел жадырап, арқасын кең сала береді.

Үшін смс-тің уақыты келді. Жатын жайға кіресіз де, «Кешікпей келем деп ең...» деп соңынан аздаған комплимент қосасыз. Бітті.

Асүйде жүрген әйеліңіз өзі-ақ балаларды ерте ұйықтатып, айнаға бір қарап, сізге ұнайтын иіссуын себініп келеді. Иә, басында «қойшы-әй!» деуі мүмкін, бірақ тамағынан иіскесеңіз, мойныңызға орала кетуге дайын боп келгеніне шүбәңыз болмасын.

Айтпақшы, түс кезінде жұмыста отырған әйеліңізге де смс арқылы сол күнгі түннің "өрт болуы мүмкін" екенінен хабар беріп қоюға болады. "Өткен түндегі есімнен кетпей жатыр..." деген қысқа ғана хабарлама әйелдің есін алып, үйге жеткенше асықтырады. Ол үшін әлбетте, "өтетін түндерді" расында "өрт" ете білу керек. Яғни, қайсыбір түн болмасын, әйелдің есінде тәтті ләззатымен қалардай нәтижелі өткен дұрыс.

Әрине, мұның барлығы да некелі жұпты жақындата түсетін себептердің бірі ғана. Бір-бірінің ауырын жеңілдетіп, бір бағытқа қарап өмір сүретін, қиындықта қажетті қолдау көрсете алатын шын сүйіскен жандар қашанда қалаулы болмақ.

Ж.Байтұрым,
ernur.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста