Хиджабтағы сексолог қазақ қыздарына өз-өзін қанағаттандырудың жолдарын көрсетті (видео)

Хиджабтағы сексолог қазақ қыздарына өз-өзін қанағаттандырудың жолдарын көрсетті (видео)

Вумбулдинг жаттықтырушысы ретінде танылып жүрген Анель Нұржаубаева қазақ қыздарына өз-өзін қанағаттандырудың жолдарын көрсетті. Бұл туралы kaz.caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

 

Ол қыз-келіншектерге тұрмысқа шықпай тұрып денелерін танып-білуге кеңес берді. Анель қазақ қыздарына жыныстық сауаттылық туралы үйретеді. Оның айтуынша, менталитемізге сай көптеген қыз-келіншектер өз-өзін зерттеуге ұялады екен. Сол себептен ол өзінің Qazaqsha Seks ютуб-каналында www.youtube.com/watch қазақ қыздарына өз-өзіне мастурбация жасаудың жолын жеміс-жидектер арқылы көрсетті.

 

«Мастурбация деген өз-өзін қанағаттандыру. Оның әртүрлі жолдары болады. Ол саусақпен, қолмен немесе арнайы ойншқтарды алып өзін қанағаттандыру. Жалпы мастурбация ол өз-өзін зерттеу. Біріншісі, әр әйел адам, өз-өзін кішкентай кезінен бастап зерттейді. Бірақ көбінесе біздің қыздар ұялады, өз жыныс мүшесін қарамайды. Кейін күйеу шыққанда немесе жыныстық қатынасты бастағанда өздері оргазм ала алмайды. Сол кезде ғана өздерін ашып, зерттейді. Екіншісі, әйелдің мастурбациясы оның сексуалдық тарапынан өзінің белсенділігіне байланысты. Кейбір қыздарда белсенділік жоғары. Сол кезде мастурбацияға келуі мүмкін. Үшіншісі, жесір және ажырасқан әйелдер мастурбацияға келеді. Ал кейбір кезде әйелдер оргазм ала алмайды, сол кезде ойыншыққа келеді», – дейді Анель Нұржаубаева.

 

Сондай-ақ, вумбулдинг жаттықтырушысы мастурбация мұсылман дінінде харам ба деген сұраққа жауап бере кетті.

 

«Дін жағынан мастурбация бола ма десек, оның екі жауабы бар. Біріншісі, харам дейді. Өйткені оргазм алу, қанағаттандыру тек күйеуіңізбен болады деген ой. Екіншісі, болады деп айтылады. Некесіз жыныстық қатынасқа түспеу үшін мастурбация жасауға болады деген пікір бар. Өйткені әйел өзін қатты мазасыз сезінсе, мастурбацияға келуге болады деген ой бар», – дейді.

 

Видеоны көргендер неше түрлі пікір қалдыруда. Оның ішінде «Не үйретіп отыр мынау, хиджаб киіп алып. Мынауың артық енді. Қызыңа, немереңе, ұлыңа үйрет. Қазақтар не боп барамыз» деп те жазған.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста