Жадының жұмысы қалай?

Жадының жұмысы қалай?

Компьютердегі «оперативті жадының» жұмыс істеу принципі туралы түсіндіріп берсеңіздер. Ондағы мәліметтер өшпей ме?Ғалым МЕРГЕНҰЛЫ, Арқалық қаласы

Оперативті жады – процессор жұмыс істеп тұрған кезде пайдаланылатын барлық бағдарламалар мен деректерді cақтауға арналған негізгі жады. Оперативті жадыны осы бағдарламалар мен деректерді сақтау үшін қолданылатын ұяшықтардың жиынтығы десе де болады. Компьютер жұмыс жасап тұрған кезде процессор өзіне қажетті деректерді осы ұяшықтардан алып отырады. Оперативті жадыда деректерді сақтау үшін оны үздіксіз электрмен қоректендіріп отыру керек. Компьютерді ажыратқанда – оперативті жадыдағының бәрі өшеді, ал компьютерді қосқанда – барлық бағдарламалар мен деректерді процессордың өңдеуі үшін оперативті жадыға қайта жүктейді. Сондықтан да оперативті жадыдағы дүниелеріңіз өшіріліп кетпейді.

Қазіргі операциялық жүйелер бірнеше бағдарламаларды қатар орындауға мүмкіндік береді және әрбір бағдарлама немесе деректер файлдар жадының өзіне бөлініп, арнайы бөлігіне жүктеледі. Оперативті жадының көлемі неғұрлым үлкен болса, соғұрлым көп бағдарламаны қатар орындауға болады. Компьютер жұмыс жасап тұрған кезде қолданылатын барлық деректер мен командаларды оперативті жадыны қолданбай-ақ, неге қатқыл дискінің өзінде сақтамасқа деген тағы бір сұрақ тууы мүмкін. Алайда бұл мүмкін емес, өйткені процессор қатқыл дискінің жадымен салыстырғанда оперативті жадының ұяшықтарымен мыңдаған есе жылдам байланысады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста