Жаңа жылды барынша жаңарудан бастаңыз

Жаңа жылды барынша жаңарудан бастаңыз

Өз өміріне өзгеріс енгізгісі келетін жандар аз емес. Бірақ, неге екенін кім білген, ондай кезде көпшілігі аптаның немесе айдың басын күтетіні белгілі. Міне, 2019-жылдың босағамыздан кеше ғана кіруі осындай адамдарға көптеген мүмкіндіктер беріп тұр. Ол үшін қаңтар айында жасалуы керек бірнеше іс-әрекеттер легі мынадай: 

1. Артық заттан арылу 

Үйдегі жыл бойы жиналған киілмейтін ескі, жыртық киім­дерден, шытынаған, шеті сынған ыдыстардан, шаң басып, қолданылмай жатқан қажетсіз заттардан, бос тұрған қорапшалардан құтылыңыз. Керексіз дүние тек орын алып қана қоймай, үйге жағымсыз энергия береді. Жиһаздардың орнын ауыстырып, мүмкіндік болса, кей заттарды жаңартып қою да артық болмайды. Дәл сол секілді артық қағаздардан тазартып, жұмыс үстелін де ретке келтіріп қойған дұрыс. 

Сондай-ақ жаңа жылдың жаңа күнін бұрынғы жинал­ған өкпе-реніштерден арылып, өткенге кешіріммен қарап, зиянды әдеттерден құтылып, жан-дүниеңізді тазартып бастаған жөн. Яғни үйдегі ғана емес, бойдағы артық нәрселерден де арылу керек. Себебі адамның ойы өз өмірін кез келген бағытқа өзгерте алатындығы психологияда дәлелденген. Таза көңіл, жақсы ниет жылдың сәтті өтуіне септігін тигізеді. 

2. Отбасылық бюджетті жоспарлау 

Сіз бір жылдық отбасылық бюджетті жоспарлау арқылы шығынның мөлшері мен жұмсалған мақсатын анықтап, ақшаңызды бақылап отыра алатын боласыз. Бұл сіздің қаржылық жағдайыңызды реттеуге көмектеседі. Отбасылық жылдық бюджетті жоспарлау үшін ең алдымен негізгі және қосымша кіріс мөлшерін есептеп алу керек. Содан соң азық-түлік, коммуналдық қызмет, жол шығыны, телефон байланысы, балалардың үйірмелері секілді он екі айдағы барлық тұрақты шығындардың мөлшерін есептейсіз. 

Келесі әрекет – жыл сайын қайталанып тұратын шығысты есептеу. Оның ішіне түрлі мерекелер, туған күн кештері секілді қаржы жұмсалуы мүмкін барлық атаулы даталар, ірі сатып алулар, киім-кешек, демалыс, жаз айларында болатын отбасылық саяхаттар, қыркүйек айындағы жаңа оқу жылына қажетті мектеп құрал-жабдықтары кіреді. Ең соңында кіріс пен шығысты салыстыру арқылы қорытынды жасайсыз. Мұндағы шығын сомасы көп болған жағдайда ақша үнемдегеннен гөрі басқа да кіріс көзін табуға ұмтылған дұрыс. Егер керісінше болған жағдайда қалдық ақшаны қор ретінде жинап отыруға болады. 

Сондай-ақ, осы жылы табысым ұлғайсын десеңіз, өзіңізге доңыз бейнесіндегі сары түсті тиын салғышты талисман ретінде сатып алып қойсаңыз да болады. 

3. Болашаққа жоспар құру 

Шаш үлгісін немесе түсін, киіну стилін өзгерту, гардеробты жаңарту да адамға жақсы көңіл-күй сыйлайды. Курстарға жазылу, кітап оқу, спортқа ден қою арқылы жан-дүниеңізді дамытуға жыл басында күш салсаңыз, жыл соңында жақсы нәтижеге жетесіз. 

Дегенмен көбіне адамдар алға қойған мақсатына қол жеткізе алмай жатады. Психологтардың айтуынша, оның себебі адамдардың оған жетудің жолын дұрыс жоспарлай алмауында екен. Сондықтан алдымен өз өміріңізде нені өзгерту керектігін саралап алыңыз. Содан соң барып бір жылдық жоспар құруға кірісіңіз. Ол үшін әрбір жоспарды бірнеше бөліктерге бөліп, қағаз бетіне түсіріп қойыңыз. Сонда неден бастау керектігі өз-өзінен айқындалып шығады. 

Мәселен, өзіңізге «ағылшын тілін үйрену» деген таудай тапсырма қойғаннан гөрі «сөздік сатып алу» немесе «курсқа жазылу» деген міндет жүктегеніңіз дұрыс. Үй салуды мақсат етсеңіз, алдымен іргетас құюдан бастаған жөн. Сол секілді бірден «мықты спортшы боламын» деген сөздің орнына «күнделікті 10 рет отырып-тұрып жаттығуды әдетке айналдырамын» дегенді жазыңыз. 

Жалпы, өміріңізді бірден бірнеше бағыт бойынша өзгертуге тырыспаңыз. Тек маңыздысын ғана таңдаңыз. Әйтпесе барлығын бірден орындауға мойныңыз жар бермеуі мүмкін. 

Дайындаған – М. ІЛИЯС

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста