Жаңа жылдық дастархан мәзірі қандай болғаны дұрыс?

Жаңа жылдық дастархан мәзірі қандай болғаны дұрыс?

Шектеусіз арақ-шарап пен ас та төк тамақ жаңажылдық дастарханның басты сәні емес. Мерекелік ас мәзіріне қатысты мамандар осындай пікір білдіріп отыр. Олардың айтуынша, бұл экономикалық дағдарыстан туған шектеу емес, ең алдымен адамның өз денсаулығы үшін маңызды. Сондықтан дастарханда көкөніс, ет, ұлттық сусын секілді ағзаға пайдалы тағамдар болғаны жөн.

Бүгін жаңажылдық ұжымдық кеш өткізілетін Алматыдағы бұл мейрамханада таңнан бері қызу дайындық басталған. Кешкі дастарханға қойылатын Қытай, Еуропа және өзіміздің ұлттық ас мәзірінен түрлі тағам осы жерде дайындалмақ.

Дуэн Шудонг, аспаз:

-Қытайда еттен гөрі көкөніс пен жапырақтан жасалатын тағамдарға басымдық беріледі. Ал мұнда басқаша. Тағам түрлеріне шектеу жоқ. Мәселен, бүгінгі қонақтарымыз осындағы ас мәзірінің барлығына тапсырыс беріп отыр.

Мереке қарсаңында Алматының көптеген мейрамханаларында осындай қарбалас. Ал дастарханға қойылатын тағам түріне келгенде, мамандар мынадай кеңес береді.

Төрегелді Шарманов, Қазақ тағамтану академиясының президенті:

-Тәтті тағамдар дейтін болсақ, мен шоколадты айтар едім, тәтті тамақ керек болса, жаман емес, жұрттың бәрі жақсы көреді анау балмұздақты. Оны неге жемеске, оны неге пайдаланбасқа?! Қызыл шарап, одан екі бокал.

Ары кетсе, арақтан тек 100 грамдай ғана ұрттау керек. Көңілді отыру үшін осының өзі жеткілікті. Есесіне, көкөніс, жеміс және жылқы етіне шектеу қоймаса да болады. Ал ерекше жаңажылдық ас мәзірі жыл иелеріне бұйырып тұр. Оларға тәттіні көп жеуге болмайды. Бірақ 1-ші қаңтарда Алматы хайуанаттар бағының маймылдарына ең сүйікті асы – ірімшіктен жасалған торт беріледі.

-Мамандардың айтуынша, мерекелік отырыста ішімдіктің орнына тек қымызды қолданса да болады. Өйткені, бір литр қымыз спиртті ішімдік ішкенмен тең екен. Дегенмен, не жейді, не ішеді – ол әркімнің өз қалауы. Бірақ мерекелік кештің ертеңінде не болатынын ойлап қойған да артық емес.
ktk.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста