Жаңадан сығылған шырындар ағзаға қауіпті
Бүтін жемісті шырынға айналдырғаннан кейін, өнім витаминдер мен талшықтарды жоғалтып қана қоймайды, тіпті денсаулыққа қауіпті болады. Бұл туралы америкалық тамақтану және диетология академиясының мамандары ескертті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
«Жаңа сығылған шырын қандағы қант деңгейін драмалық масштабқа дейін күрт көтеріп жібереді. Ал, бүтін жеміс мұндай нәтиже бермейді», - деді диетолог Робин Форутан.
Оның айтуынша, бір қарағанда тартымды көрінетін жеміс шырындары құрамында қант болғандықтан «құнарландырылған калория көзі» болып табылады.
Бұл жағдайда шырын көкөністерден, әсіресе сәбізден және қызылшадан жасалса да, оның қауіптілігі азаймайды. Осыған орай, Форутан бір демде 110 грамнан астам жаңа сығылған шырынішпеуді ескертеді.
Диетелогтың сөзінше, мұндай сусындардың тұрақты тұтынылуы қант диабетін тудыруы мүмкін.