Жақындарымызға жылы сөз айтудан ұялмайық.

Жақындарымызға жылы сөз айтудан ұялмайық.

 Ерте ме, кеш пе, әйтеуір әр жұп қиындықтарға тап болып, аралары суып кететін кездері болады. Бір-бірімізге қарапайым, бірақ сондай қажетті махаббат сөздерін, "комплименттер" айтуды ұмытамыз.

Осындай ұсақ-түйектермен бірге екеу арасындағы романтика да кетеді. Қарым-қатынастар бір сарынды, үйреншікті болып қалмас үшін, қарапайым, бірақ сондай қажетті сөздерді айтуды ұмытпайық.

Мен сені сүйемін

Қарапайым ба? Бірақ осы сөздерді соңғы рет қашан айтқаныңызды еске алыңызшы. Бұл сөздерді жарыңызға жұмысқа шығарда, қоштасқанда, ұйықтарда, телефонмен сөйлескенде, тіпті хабарлама арқылы да айтудан шаршамаңыз. Үлкен маңыздылығы бар сөздердің үйреншікті болып кетуінен қорықпаңыз, керісінше бұл сөздер кез келген қарым-қатынастарға қажет энергия көзіне айналады.

Сен маған қажетсін

Әсіресе жігіттерге өзінің маңыздылығын, нәзік жанды жарына қажеттілігін білу керек. Кейде болса да, тәуелсіздігіңізді қойып, нәзік, күтім мен қорғанысты қажет ететін ару болыңыз. Бұндай қызды жігіт те қолында аялап ұстағысы келеді.

Кешірші

Өз кінәсін мойындаған адамнан тек сол кінәсі үшін кешірім сұраған адам артық. Қарым-қатынаста да осылай. "Қыз екенмін, менікі ылғи дұрыс болу керек" деген ұстаным өте қате. Жігіттердің де "Айтқанымды істейді" де осы қатардан. Қателерді уақытында мойындап, кешірім сұрау араларыңызда пайда болған көп қиындықтарды шешіп, ұрыстардың алдын алады.

Сен ең...

Ең жақсысың, ең кереметсің, ең әдемісің, ең ақылдысың... Қызға да, жігіттерге де мұндай сөздерді айтып тұру керек. Бір жағынан сіз бірге болсаңыз, оның онсыз да ең, ең екені түсінікті деп ойлайсыз ба? Жоқ, жұбыңызға сіз үшін ол әлемдегі ең керемет жан болғанын есту әр кез жанын жібіте алады. Содай-ақ бұл адамның өзіне деген сенімділігін арттырады. Ал бұл өмірде өте керек қасиет.

Рахмет

Бұл сиқырлы сөзді дүкендегі сатушыға не автобустағы кондукторға оңайлықпен айтамыз. Ал сүйіктімізге жасаған сыйлықтары, атқарған шаруалары, дәмді ас үшін алғыс айтуға ұмытамыз. "Рахмет" оның күші мен уақыты үшін алғыс болады. Жарыңыз алда да сіздің алғысыңызды есту үшін барын салады.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста