Жарылған ағаш бұйымдарын қалай қалпына келтіреді?
Кейде үйде ағаш бұйымдарды пайдалану кезінде түрлі сызықтар, жарықтар түседі. Ағаштан жасалғандықтан жаңқаланып та кетеді. Оның орнын қалпына келтірейін десең, базардағы арнайы препараттардың бағасы өте қымбат. Мұндай препараттарды қолдан жасауға болмай ма?
Гүлзина ТҰМАРҚЫЗЫ, Алматы қаласы
Мұндай бұйымдарды қалпына келтіру үшін арнайы қымтама қоймалжың (замазка) дайындауға болады. Ол үшін 120 г қантты, 30 г әкті 400 г суда ерітеді де, төрт сағаттай баяу жанған отқа қойып қояды. Дайындалған ерітіндіге сүйек желімін (костный клей) қосады. Бір тәулік ішінде желі көпсиді, егер артық ерітінді қалса, оны бөліп алады. Қайнап тұрған суға дайындалған массаны ыдысымен салып қыздырады. Еріген желімге толтырғыш ретінде ағаш ұнтағын қосады. Осылайша дайындалған желім екі тәуліктен кейін ғана кебеді. Ағаш ыдыстарды су сіңірмейтіндей ету үшін олардың ішкі бетіне 200 г канифоль мен 60 г балауыздан тұратын қоспаны жағу керек. Сондай-ақ ағаштың шіруге беріктілігін арттыру үшін төмендегі 3 пайыз бура, 10 пайыз натрий, 10 пайыз мыс темір купоросы, 50 пайыз цинк хлориді бар ерітінділердің бірін антисептик ретінде пайдаланып, 10 күн бойы бұйымға сіңіру керек.