Жасанды түсік жасатқаны үшін түрмеге қамайтын 10 ел

Жасанды түсік жасатқаны үшін түрмеге қамайтын 10 ел

2014 жылы Қазақстанда ресми түрде 83 мың болашақ ана жасанды түсік жасатқан. Құрсақтағы сәбиінен өздігінен арылғандар қаншама?! «Дені сау Азия» қорының директоры Нағима Плохихтің сөзінше, жыл сайын Қазақстанда жасанды түсік жасататындар саны артпаса, кемімей отыр. Зерттеу нәтижелері қазақстандық азаматшалардың 80%-ының түсік жасатқанын көрсетті.
Нагимы Плохихтің сөзінше, тіпті, Ұлы Отан соғысы уақытында дәрігерлер болашақ аналарды түсік жасатпауға көндіруге тырысқан. Ол аталмыш тәжірибені бүгінгі Қазақстанда да қолдану керек деп есептейді.
Назарларыңызға аборт жасатқаны үшін абақтыға қамайтын елдер тізімін ұсынамыз

Сальвадор
Сальвадорда 1998 жылдан бастап түсік жасатуға тыйым салынған. Тіпті, зорлық-зомбылықтың салдарынан жүкті болып қалған әйелге түсік жасатуға рұқсат етілмеген. Бұл үшін азаматшалар 2 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сальвадор консервативті партиясы аборт жасатқан қыз-келіншектерді 50 жылға дейін абақтыға қамау туралы ұсыныс жасаған.

Мысыр
Мысыр елінде аборт жасату — қылмыстық жазаға тартылатын қылмысү. Түсік жасатқан әйел үш жыл көлемінде түрмеге қамалса, оны жасағанн дәрігер, мейірбике мен акушерлер 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ирландия
Аталмыш елде түсік жасату кісіге жасалған қастандықпен тең. Қылмыстық акттің 58 және 59 баптары бойынша жүктілігін орта жолдан жасанды түрде үзген азаматшалар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Чили
Чили елінде жасанды түсік жасату әйелге қатысты зорлау күшін қолданумен пара-пар. Әйелдің келісімемен түсік жасаған тұлға да қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Аборт жасату үшін қажетті орынмен қамтамасыз еткен немесе басқа да көмек көрсеткен жандар 541 күннен үш жылға дейін сотталуы мүмкін.

Венесуэла
Венесуэла елінлде тек өміріне қауіп төніп тұрған әйелдің ғана жасанды түсік жасатуға құқығы бар. Ал өздігінен бұл қадамға барған әйелдер алты айдан екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал аборт жасаған дәрігер немесе басқа да тұлғалар бір жылдан үш жылға дейін түрмеге қамалады.

Парагвай
Парагвай заңдары бойынша да ананың денсаулығына қауіп төнген жағдайда жасанды түсік жасатуға рұқсат етіледі. Басқа кез келген жағдайда аборт қылмыстық іс болып табылады. Өткен жылы, денсаулық сақтау министрлігі зорланған он жастағы қызға да жасанды түсік жасатуға тыйым салған.

Никарагуа
Никарагуада кез келген жағдайда түсік жасату қылмыс болып табылады. 2003 жылы зорланған тоғыз жасар Роза есімді қыз жүкті болып қалған. Жеке меншік ауруханада түсік жасатқаннан кейін Никарагуа денсаулық сақтау министрі Люсия Сальво аталмыш оқиғаны қылмысқа теңеп, түсік жасату рәсіміне қатысқан тұлғалардың үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Филиппин
Филиппин елінде де жасанды түсік жасату заңмен қудаланады. Католиктік шіркеулер аборт жасатуға қарсы. Ал филиппин католиктік ел саналады.

Колумбия
Колумбияда ананың өміріне қауіп төнсе, жүктілік зорлықтың салдарынан орын алса және ұрықтың өзгергені дәлелденсе, аборт жасатуға рұқсат берілген. Өзге жағдайларда аборт жасату қылмыс болып саналады. “Жүйті әйел абортқа емес, қолдауға зәру”, — дейді шіркеудегі дін қызметкерлері.

Иран
Иран — БҰҰ-ның әйелдер құқығын қорғау туралы конвенциясына қол қоймаған ірі мұсылман елі болып табылады. Жасанды түсік жасату бұл елде діни себептерге байланысты рұқсат етілмеген. Заң бойынша, жүктілігін орта жолдан тоқтатқан әйелдер абақтыға қамалады.

stan.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста