Жасыл құрлық тәуелсіздікті қалайды
Австралияның Мемлекет басшысы ретінде Ұлыбритания королевасы Елизавета II айтылады. Австралия қай жылдан бері Ұлыбританияның қарамағында? Жалпы, австралиялықтар тәуелсіз болуды қалай ма?
Ерлан НЫҒМЕТҰЛЫ, Алматы
Австралия 1931 жылы Вестминстерлік статутты қабылдады. Бұл дегеніміз осы уақыттан бастап елдің басшысы британиялық монарх дегенді білдіреді. Әлемде бір құрлықта орналасқан жалғыз мемлекет саналатын Австралияда республикалық басқару тәртібін қалайтындар аз емес. 1999 жылы осы мәселеге байланысты референдум өткенде халықтың 45,13 пайызы жасыл құрлықтағы елді жеке мемлекет ретінде көргісі келетіндіктерін айтқан. Ал 2005 жылғы референдумда олардың саны көбейіп, тұрғындардың 46 пайызы республикалық басқару үлгісін таңдады. Ал 34 пайызы британдықтардың мемлекет басқарғанын құп көрген. Әлемдік сарапшылар Елизавета II Австралияны басқарған ең соңғы монарх деп санайды. Себебі 2007 жылы сол кездегі премьер-министр Джон Говард қазіргі монархтың кезінде де Австралия жеке республика атануы мүмкін деген болжамын айтқан еді.