Зейнетақы жинақтарын енді SMS арқылы тексеруге болады
БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алуға болатын жаңа қосымша сервисті іске қосты.
 
Ол үшін cabinet.enpf.kz/porog порталына өтіп, mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы келіп түсетін бірреттік пароль арқылы кіру қажет.
 
Бір реттік пароль арқылы кіру үшін бірнеше қадам жасау керек:
 
өзіңіздің ЖСН және ұялы телефон нөміріңізді енгізіңіз;
 
дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге өз келісіміңізді беріңіз;
 
«Кодты жіберу» батырмасын басыңыз; алынған алты таңбалы кодты ұялы телефоннан енгізіңіз.
 
«Бұл қосымша сервис салымшылар үшін өте ыңғайлы, себебі ол жеткіліктілік шегін ЭЦҚ-сыз және БЖЗҚ бөлімшелеріне бармай-ақ білуге мүмкіндік береді. Жаңа сервис мемлекеттік органдар айқындайтын ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға толық сәйкес келеді», - делінген БЖЗҚ баспасөз хабарламасында.
 
 
24.kz