Жеке куәлік жоғалса немесе ұрланса, не істеу керек?
Жеке куәлік жоғалса/ұрланса, кімге хабарласамын?
Тұрақты тіркелген немесе нақты тұрып жатқан жеріңіз бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына барасыз. Осы жерде жеке куәлікті жаңадан дайындата аласыз. Ол үшін қажетті құжаттарды өткізуіңіз керек.
2
Жоғалған куәлікті қалпына келтіруім үшін қандай құжаттар керек?
Халыққа қызмет көрсету орталығына барып, жеке куәлікті қалпына келтіру туралы жазбаша өтініш жазасыз. Өтініште құжатты қандай себеппен жоғалтқаныңыз туралы көрсетесіз.
Мемлекеттік баж салығын төлегеніңізді растайтын анықтаманы өткізесіз. Салық мөлшері - 0,2 АЕК (481 теңге).
ҚP азаматының төлқұжатын (бар болса) көрсетесіз.
Егер төлқұжатыңыз жоқ болса, ЖСН (жеке сәйкестестіру номерін) өткізесіз.
3
Ұрланған жеке куәлікті қалпына келтіру үшін қандай құжаттар керек?
Аудандық ішкі істер бөліміне барып, құжаттың ұрланғаны туралы анықтаманы аласыз;
Мемлекеттік баж төленгені туралы анықтаманы көрсетесіз;
Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжатын (бар болса) өткізесіз.