Жетістікке жеткізбейтін сөздер...
Әрбір жан айналасындағы адамдармен қарым-қатынасты нығайтқысы келеді. Егер сөздік қорыңыз көп болса, кез-келген адаммен тіл табысу оңай. Сіз әңгіме арасында әртүрлі сөздерді айтып оны таңғалдыра бастайсыз. Кей жағдайда "аузы күйген үріп ішеді" күйін кешіп, бір сөзді айтқанға өкінетін кездер де аз емес. Сондықтан күнделікті тұрмыста пайдаланылатын, бірақ сізге кедергі келтіретін сөздерді айтпауға кеңес береміз.
Мүмкін емес
Бір қарағанда мүмкін емес жағдайлар көп, алайда байыппен ақылға салып қарасаңыз, шешімін табасыз. Басыңызға іс түскенде алдыңыздан көптеген ұсыныстар мен қиындықтар кездеседі. Сол уақытта өмірден түңілген адамның ең бірінші айтатын сөзі "мүмкін емес". Сіз мұны "иә, менің қолымнан келеді" деген тіркеске ауыстырыңыз. Бүгінгі әрбір істегі сөзіңіз ертең жемісін береді.
Болашақта
Ешкім болашақтың қандай болатынын білмейді. Бәлкім сіз болашақта қазіргіден де жақсы өмір сүресіз немесе тағдырдың тәлкегіне түсіп, сүрініп кетуіңіз мүмкін. Сондықтан болашақта жақсы өмір сүру үшін, қазірден қимылдағаныңыз абзал. Сонда ғана сіз болашақта биік белестерге ұмтылатын боласыз. "Көрінген таудың алыстығы жоқ" дегендей, қолдан келсе бүгіннен қалдырмаңыз.
Өкінішті
Сіз бұл сөзіңізбен ішіңізден біреуге жаныңыз ашуы мүмкін немесе іштей қиналысыңызды сырт көзге осылай жеткізгіңіз келді. Жігіт ешқашан өкінбейді, керісінше басқа түскен қиындықты шешуге талпынады. Егер сіз бақытты адамның кейіпінде жүргіңіз келсе, онда сіз үшін өкінетін түк жоқ.
Жасай алмаймын
Егер қиындыққа кезіксеңіз "жасай алмаймын" деп, біреуге мұң шақсаңыз, шынымен әлсіз екеніңізді қасыңыздағылар сезеді. Сіз өзіңізбен қатар қаншама адамның сенімін ақтап жүрсіз. Мұны естен шығармағаныңыз дұрыс. Баспен жасаған істі, мойынмен көтеру керек.
Ертең
Сіздің ертеңге қалдырар одан да артық тірліктеріңіз бар. Алайда сіз бүгін бітірер кішкентай жұмысты ертеңге қалдырып отырсыз. Бүгін бітпеген тірліктің ертең бітуіне өзіңіз сенбесеңіз, басқа ешкім сенбейді. Сондықтан не ойласаңыз да сол уақытта бітіруге тырысыңыз. Өйткені сіздің миыңыз ертеңге жасайтын жұмыстарды ертең береді.