Жігіт пен қыз туралы қызықты деректер

Жігіт пен қыз туралы қызықты деректер

Жігіт пен қыз жаратылысы әртүрлі. Олар екі түрлі ойлайды, екі түрлі қорытынды шығарады, екі түрлі шешім қабылдайды. Олардың болмысындағы ерекшеліктерді оқи отырыңыздар.

Жігіттер қандай жағдай болса да, аяғын қысатын аяқ киімді, кеудесіне қонымсыз киімді сәнді болғаны үшін таңдамайды.

Ал қыздар болса жаны қысылып тұрса да, әдемі болғаны үшін ғана киген киімімен, биік өкшелі аяқ киіммен тәулік бойы жүруден тартынбайды. Ал егер әдемі емес киімді қыздар ыңғайлы болғаны үшін кие салдым деп айтса оның талғамы жоқ не жай ғана жақсы көрініп қалғысы келді.

Қыздар басы қосыла кетсе жігіттерді әңгіме еткенді жақсы көреді. Ал жігіттер өзара қыздар туралы тақырыпты қозғай бермейтін болған. Қозғаған күннің өзінде әзіл-қалжың ретінде ғана айтады. Жігіт қыздың көңілінен шығуы үшін ақылды болуы керек. Ал қыз, керісінше, қанша ақылы тасып бара жатса да, мұны жігіттің алдында көрсетпегені дұрыс, көрсете бермейді де.

Жігіт қыздан үміткер басқа жігіттер өзінен ақылды болғанын қаламайды, сонда ғана жүрегіне жол жақын деп ойлайды. Ал қыз жігітін өзінен ақымақ сезінбеуі үшін данышпансып өзін көрсете бермейді.

Қыздар мен жігіттер бір-бірінің логикасына түсінбейді, сондықтан айтқан ойына байланысты келеке етіп күліп жататын жағдайлар да кездеседі. Қыздар бір нәрсені тереңінен, ауқымды етіп, басқа жағдайлармен байланыстырып ойлайды. Ал жігіттер ұғымдардың арасындағы байланысты ойға алмайды. Мысалы «бес минуттан кейін хабарласамын деп жоқ болып кетпе» немесе «менен жасырып ештеңе істеме» десеңіз, бұл жалпы өтірік айтпау керек деген ұғым екенін аңғара бермейді. Айтқан жоқсың ғой деп қарап тұрады.

Ер азаматтар компьютердің «ішек-қарнын ақтарып», басқалар біле бермейтін қызметтерін де қолдана алады. Ал қыздар мұндай жігіттерді жақсы қолданады. Компьютердің барлық мүмкіндігін пайдалануға қыздардың неге басы жетпейтінін ешкім түсінбейді.

Қыздар ойлау қабілеті жөнінен жігіттерді өзінен жоғары қояды. Ал жігіттер, сәйкесінше, қыздың білімін, интеллектісін мойындай бермейді. Бірақ қыздар жігіттерге қарағанда «ақымақ» болғанына қарамастан, оларды өзіне қарату үшін түрлі стратегия, жоспар ойлап табады. Өкінішке орай, бұл ойдың көбісі жүзеге аспай жатады.

massaget.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста