Жігіті жоқ қыздарға кеңес

Жігіті жоқ қыздарға кеңес

 Мен неге жалғызбын? Бұл сөзді 23-25 жас аралығындағы бикештерден жиі естіп жатамыз. Расында да, бой десе бойы бар, ой десе ойы бар айдай сұлу арулар неге жылдар бойы жалғыз жүреді? Зәуре Дәулетова есімді әлеуметтік желі қолданушысы осы сауалға жауап іздеген екен. Көңілге қонымды дүниені оқырманмен бөліскенді жөн көрдік. Сонымен…

Кейбір қыздар сөз салып жүрген жігіттердің бірін де өзіне тең көрмей жүріп, 25-ке келіп қалғанын аңдамай қалады.
Ал тырнақ астынан кір іздемейтін қыздар сөз салған жігіттің жақсы қасиеттерін бағалап, оған тұрмысқа шығып, дәл осы жаста аяулы жар, бақытты ана болып отырады.

Жалғыздықтың бірнеше себебі бар:

Тәкаппарлық
«Маған тек бай, бақуатты жігіт керек», «мен әдемі жігітке қосылуым керек» деп, қиялындағы адамды күтумен жүретін қыздар болады. Әрине «тең теңімен» демекші, әр адам өзіне сай жар таңдағаны жақсы. Дегенмен, сезімін білдірген жігіттің бойынан мін іздеп, көбісін «мен армандаған жан емес» деп, бетін қайтарып тастайды. Ғажайып ертегідегі ханзаданы кездестіруді армандаған ару оны әлдеқашан үркітіп жібергенін білмей өтуі ғажап емес.

Сөйтіп жүріп бақытыңызды үркітіп, жақсы жігіттен айырылып қалмаңыз.
Талғампаздық
Бұл — бірінші аталған «тәкаппарлыққа» ұқсас келетін мәселе. Ең басты айырмашылық — қыз өзін ханшайымға теңеп, менменсініп, көкірегін кермейді. Бірақ алғашқы махаббаттың отына күйіп қалып, енді «абай болу керек» деген ұстанымды алға қойған бойжеткен сауысқаннан да сақ, секемшіл болады.

«Мына жігіт үйінің кенже баласы», «мына жігіт қаланың сыртында тұрады», «мына жігіттің жоғары білімі жоқ», «мына жігіт ана жігітке қарағанда әдемі емес, бірақ ана жігіттің жағдайы төмен» деген бітпейтін «мін» тағып, басы қатумен болады.
Уақыт сынаптай сырғып өтіп кетіп, жиырманың бірнешеуіне келіп қалғанын да байқамай қалады. Содан соң «отырып қалатын болдым» деп, өзіне қараған кез-келген жігітпен тұрмыс құрып кетуі де мүмкін немесе қолды бір сілтеп, бұрынғыдай жалғыз жүре береді.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста