Жігітіңіз жайлы білгіңіз келсе, мына жұлдыз-жорамалға қараңыз
Жігітіңіздің болмысын ашқыңыз келе ме? Өмірлік жарыңызды таңдау қиынға соғып жатыр ма? Ол жайлы жақынырақ білудің тағы бір тәсілі жұлдыз-жорамал. Жұлдыздар олардың қандай екенін анықтауға мүмкіндік береді.
*Торпақ жігітпен қарым-қатынаста болсаңыз, онда әркез әдемі болып жүруге тырысыңыз. Ауырып жүрсеңіз, бозғылт түріңізді жігітіңіз көрмесін. Әйтпесе оның ойынан шықпай қалуыңыз мүмкін.
*Тоқтымен қарым-қатынас жасау үшін сыпайылық пен нәзіктік қажет. Оларға өздері шешім қабылдап, өздері өктемдік жүргізген ұнайды.
*Егіздер жігіттерге боянып, сәнденген қыздардан гөрі ақылы асып тұрған арулар ұнайды. Отбасының ошағын ұстап, әрбір істі даналықпен шеше білсе, олар үшін сол қыздан артығы жоқ.
*Шаяндарға ана қадірін білетін,ана ретіндегі рөлін жақсы атқаратын аруларды жақсы көреді. Сондықтан, олар алдымен анасын ойлап тұрса ренжімеңіз. Және шанядарға тән қасиет, өз айтқандарын істете біледі.
*Арыстан жігіттер айтқанынан қайтпайтын, қайсар келеді. Оларға ұнау үшін нәзік, салмақты болу керек.
*Бикеш жұлдызындағы жігіттер өте кірпияз . Сондықтан, олар үшін қыздың таза, жинақы болғаны жақсы.
*Таразылар басшы болып үйреніп қалған. Олармен барлық істі келісіп істеген жөн. Таразылармен тыныштық пен татулықта ғана бақытты бола аласыз.
*Сарышаян жігіттер адамдарда адалдықты бағалайды. Сарышанядарды түсіне білу керек, оларға әрдайым қолдау білдіріп отырған жөн. Олар махаббатқа берік келеді, кез-келген қыды алақанында аялай алады.
*Мергендер жомарттылықты жоғары бағалайды. Өмірге тура қарап, өзін батыл ұстайтын қыздарды ұнатады.
*Тауешкі . Жақсы көре білу, сенімділік, сабырлылық, қамқорлық қасиеттері сіздің тауешкіге жақсы жар болатындығыңызды дәлелдей алады.
*Суқұйғыш өздерінің қалағанын істегенді жақсы көреді. Өздері қаламаса, ашығын айта қоймайды. Бірақ, олар адамдармен тез тіл табысады.
*Балық жігіттер романтиканы сүйеді. Олар тәтті өмір сүргісі келеді де сол үшін барлығын істейді.