Жоспармен өмір сүр болашақ бүгіннен басталады

Жоспармен өмір сүр болашақ бүгіннен басталады

Адамдардың көбі бүгінгі күннің өлшемімен өмір сүріп, ертеңгі болашағы туралы бас қатырып ойлай қоймайды. Бұл арада «Таңғы ас Тәңірдің мойнында» дейтін ескі қазақы ұғымның әсері барлығы анық. Қазір тамағым тоқ болса, ертеңгі күнді уақыты келгенде көремін деген ұғыммен өмір кешетін адамдар ертеңгі күннің негізі бүгін қаланатындығын естен шығарып жатады.

Болашақ бүгіннен басталады

Бүгінгі күнің ертеңгі күніңнің іргетасы іспетті. Бүгін өз өмірің үшін қандай іргетас қаласаң, ертеңгі тағдырың соған тікелей байланысты. Ал «Таңғы ас Тәңірдің мойнында» деген ұғым – бұл арамтамақ, жалқау адамның өз бойындағы олқылықтарын жасыру үшін ойдан шығарған ертегісі. Сіз бүгінгі күніңізді еш пайдалы іс жасамай, босқа өткізсеңіз, ертеңгі күні мол олжаға кенелемін, Тәңірі аспаннан несібемді әкеп үйіп бере салады дейтін болсаңыз, онда қатты қаталесесіз. Бұндай түсінік сізді тапшылық пен кедейшілік құрдымына құлатып, ақырсында БОМЖ деген ең төменгі таптың ортасынан шығарады.

Өзін өзі дамыту ілімінің сарапшысы Брайан Трейси әр күні таңертең ерте тұрып, сол күні істейтін шаруаларыңның жоспарын жасап ал дейді. Таңертең мен «бүгін мынадай пайдалы шаруаларды атқарамын» деп жоспарлап алып, сол жоспар бойынша пайдалы істерді жүзеге асырып отырсаң, әр күнің болашақ үшін берік тастан іргетас қалауға көмегін тигізбек.

Жоспармен өмір сүр

Қойындәптер мен қаламсап сіздің жарқын болашағыңызға бастар жол болып саналады. Оның бағасы онша қымбат та емес. Сатып алыңыз да, әр күні таңертең сол күні жасайтын пайдалы істеріңді қойындәптерге жазып, жоспарлап отыр және кешкісін қандай істердің атқарылғанын немесе атқарылмағанын тексеріп қарап ал. Егер жоспарланған шаруаң орындалмаса, не себепті орындалмағанын анықтап, оны қай уақытта жүзеге асыратыныңды жазып қой.

Жоспармен әрекет жасау, өмір сүру уақытыңды тиімді пайдаланып, пайдалы шаруалар атқаруыңа, сөйтіп болашағыңның берік іргетасын бүгін қалауыңа игі әсерін тигізеді. Жоспарсыз өмір сүретін адамдар жел қайда айдаса, сонда баратын қаңбақ сияқты тірлік кешеді. Олардың уақыттарының көбі босқа өтіп жатады. Сондықтан, нақты нәтижелерге жетпей, түрлі қиындықтар мен ауыртпалықтарға ұшырап жатады.

Сіз мынаны есіңізден шығармаңыз: Өміріңіз өз қолыңызда, сіз қалай әрекет жасасаңыз, нәтижесі сондай болады. Әрекетсіз адамға Алла аспаннан игілікті жаудыра салмайды. Сондықтан, қандай нәтижеге жеткіңіз келсе, соншама еңбек ету қажет болады. Ал нәтижеге тезірек жету үшін жоспарлы, мақсатты әрекет керек. Яғни, өміріңізді жоспарлап, сол бойынша тірлік кешіңіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста