ЖШС мемлекеттік тіркеу
Сәлем достар! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында жауапкершілігі шектеулі серіктестікті мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктердің (өкілдіктерді) есептік тіркеуі (қайта тіркеу) туралы айтып бермекпіз.
Еgov.kz арқылы:
Порталдың "Бизнесті тіркеу және оны дамыту" бөлімшесінен қажетті қызметті тауып, онлайн сұратыңыз;
Бірінші қадамда ұйым жайлы деректерді толтырып, компанияңыздың толық және қысқа атауын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазыңыз;
Ұйымның құқықтық формалары мен құрылтайшылары жайлы ақпараттарды да толық толтырыңыз;
Заңды мекенжайын, байланыстарын және экономикалық қызметтің негізгі түрінің кодын, жұмыспен қамтылған адамдардың санын көрсетіңіз.
Егер банк шотын онлайн ашқыңыз келсе, оны үшінші қадамда банк талап еткен құжаттарды тіркей отырып рәсімдеңсіз.
Келесі қадамда сақтандыру шартын онлайн жасауға болады.
Өтінішке ЭЦҚ арқылы қол қойыңыз.
Егер банк шоты мен сақтандыру шартын өз бетіңізше жасауды жоспарласаңыз, 1-қадамнан соң, бет соңындағы тиісті тармақты белгілемеңіз.
Егер компания басшысы басқа адам болса, оның ЖСН нөмірі порталда көрсетілген соң, ол 1 сағат ішінде әрекетті растауы қажет.
Қызмет уақыты - 1 сағ. (Қайта тіркеу- 1 жұмыс күні). Нәтижесін жеке кабинетіңізден аласыз.
Тіркеуді ХҚО арқылы жүзеге асыру үшін Сізге келесі құжаттар тізімі қажет:
 жеке куәлік;
 заңды тұлғаны тіркеу туралы өтініш;
Қызмет құны
Ірі бизнес субъектілері үшін - 18382 тг;
Шағын және орта бизнес субъектілері үшін тіркеу &ndash тегін.
ЖШС-нің атауы, құрылтайшылар құрамы өзгерген жағдайда және жарғылық капитал сомасы төмендеген жағдайда ХҚО арқылы құжаттарды қайта тіркеу қажет. Ол үшін келесі құжаттар тапсырылады:
өтініш (ХҚО-да беріледі)
 өзгеріс бойынша қаулы
мерзімі 1 айдан аспаған БАҚ баспа басылымында жарғылық капиталдың өзгеруі туралы жарияланым (жарғылық капитал сомасы төмендеген жағдайда)
келісімшарт түпнұсқасы (құрылтайшылар өзгерген жағдайда)
Қызмет құны
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне &ndash 5656 тг;
Орта және ірі кәсіпкерлік субъектілеріне &ndash 18382 тг.
Қызмет нәтижесі 1 жұмыс күні ішінде дайын болады.