Жүкті әйелдерге неге кофе ішуге болмайды

Жүкті әйелдерге неге кофе ішуге болмайды

Исландиядағы Рейкьявик университетінің профессоры Джек Джеймс жүкті әйелдерге және болашақ аналарға құрамында кофеині бар кофе, шоколад, шай және тағы басқа азық-түлік өнімдерін тұтынуға болмайтынын анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Evening Standard сайтына сілтеме жасап.

 

Ұлыбританияның денсаулық сақтау ұлттық қызметінің (NHS) сарапшылары жүкті әйелдерге кофеинді тұтынуды күніне 200 миллиграмммен шектеуге кеңес береді. Алайда исландиялық ғалым Джек Джеймс 32 зерттеу жұмысын талдап, "кофеин жүктілік кезінде қолайсыздық қаупін арттырады" деген қорытынды жасаған.

 

Кофеинді тұтыну нәрестенің өлі тууына, әйелдің түсік тастауына, сәби салмағының аз болуына алып келуі мүмкін.

 

Сондай-ақ, нәрестеде өткір лейкемия немесе семіздік пен артық салмаққа бейім болу қаупі жоғары болады дейді дәрігерлер.

 

"NHS ұсыныстары кофеиннің қазіргі қаупін ескермейді. Бұл ұсыныстарды түбегейлі қайта қарау қажет", - дейді профессор Джек Джеймс.

 

Ал корольдік акушер-гинекологтар өкілі, акушер-кеңесші Дагни Раджасингем жүктілік кезінде кофеинді тұтынуды шектеу керегін айтады. Бірақ оның пікірінше, кофеиннен толығымен бас тартудың қажеті жоқ.

 

"Тағы бір маңызды зерттеу жүкті әйелдерге кофеинді толығымен бас тартудың керегі жоқ екенін көрсетті. Себебі одан төнетін қауіп өте аз", - дейді гинеколог.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста