ЖҮКТІ бола алмай жүрген жұбайлар ҚАРдан аққала соғу КЕРЕК екен
Киелі 4 кітап та аспаннан түскен, қар да аспаннан жауады. Аспаннан жауған қар ұлпаларында сіз білмейтін қандай құпия бар? Білгіңіз келе ме?
Сіз тұратын ауыл, аудан, қалада қар жауып жатыр ма? Эзотерик мамандар ауада қалықтаған ақ ұлпа қарды жерге түсірмей қолыңызбен қағып алуға тырыссаңыз, 2019 жылы армандарыңыз уысыңызға түседі дейді. Ал, сәби сүйгісі келетін жұбайлар аққала соғуы керек дегенді айтады. Ендеше, қыс мезгілін босқа жіберіп алмаңыз. Қарда сіз білмейтін бұдан бөлек те құпия көп.
Киелі 4 кітап та аспаннан түскен, қар да аспаннан жауады
Сіз қар неге аспаннан жауады деп ойланып көрдіңіз бе? Қар ұлпаларының бір-біріне ұқсамайтын пішіндері кімді болса да таңырқатпай қоймас. Сондай-ақ, оның түсі неге ақ? Неге қара емес? Осындай сұрақтарға жауап іздеп көрсеңіз, қардың да Жаратушы муғжизаларының бірі екеніне көзіңіз жетеді. Олай дейтінім, біріншіден, ол аспаннан түседі. Ал, аспаннан жаман нәрсенің түскенін естігенсіз бе? Жоқ. Жұлдыздар да, ай да аспан күмбезінде.
Аспанда ғаламат бір күштің бар екенін еш жерден оқымасаңыз да, ішкі түйсігіңіз сезеді, сенеді. Өйткені, басыңызға бір қайғы түсіп, құдайға жалбарынғанда қолыңызды неге Көкке жайып, жоғарыға қарап тілейсіз?
Киелі төрт кітап та, оның ішінде Құран да аспаннан түскен. Қадір түні жерге түсетін періштелер де – аспаннан. Ал, Алланың пайғамбарларға түсірген кітаптары мен періштелеріне сену – иманның алғы шарттары болып саналады. Бұл туралы Құранның Ниса сүресінің 136-аятында «...Кімде-кім Аллаға және Оның періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына және ақырет күніне иман етпесе, қатты адасады...», - делінген.
Жалпы, меніңше, жақсының бәрі аспанда. Бұған пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Мұхаммедтің миғражға көтерілгені, яғни жеті қабат көкке көтеріліп, өзінен бұрын өткен барлық пайғамбарлармен кездескені, «... Көк жүзінде төрт саусақ сыятындай бос жер жоқ. Барлық жерде Аллаға сәжде ететін періштелер бар...», - дегені дәлел болса керек. Бұл туралы Құранның 17-ші, яғни «Исра» сүресінде кеңінен баяндалған.
Ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «...Көк жүзінде барлық жерде Аллаға сәжде ететін періштелер бар» дегеніндей, мен қыстыгүні аспаннан жауатын қар да Жаратушының нығметтерінің бірі деп санаймын.
Қардан арманыңыздың макетін жасаңыз
Сонымен, қыста ауада «вальс билей» түскен ұлпа қардың – аспанның сыйы екеніне сендіңіз бе? Олай болса, ақ қарды пайдалана отырып, ақ тілектің орындалуын жылдамдататын мынандай техникаларды жасап көріңіз.
Эзотериканы зерттеуші мамандар нені армандап жүрсеңіз, соны қардан жасауға кеңес береді. Мәселен, 2019 жылы көлік сатып алу жоспарыңызда болса, қардан көліктің макетін жасаңыз. Баспаналы болуды ниет етсеңіз, онда оны да қардан соғыңыз. Сол сияқты балалы болу бақытына бөлене алмай жүрген жұбайлар қардан аққала соғу керек екен. Қардан жасалған арман макетін аулаңызда қалдырыңыз, ол ерігеннен бастап тілегіңіз жүзеге асу процесіне кіріседі.
Бұл процесті эзотерик ілімінің мамандары төрт стихиямен байланыстырады. 4 стихия: Су, Жер, От, Ауа. Көктегі су тамшылары атмосфералық өзгеріске байланысты қарға айналды. Қар ерігеннен соң Жерге сіңеді. Күн жылуы артқанда Жер бусанып, ондағы су буланып қайтадан Көкке көтеріледі. Ауамен жоғары көтерілген су буы белгілі бір шекке жеткенде, қайтадан жаңбырға, қарға айналып Жерге түседі. Бұл бір жылдың ішінде болатын процесс.
Сіздің арманыңыз да осындай процестерден өтіп, бір жылдың ішінде орындалатынына сеніңіз.
Аққала неге үш бөліктен тұрады?
Біз материялдық әлемде өмір сүріп жатырмыз. Бірақ, рухани әлемнің де бар екендігіне сенеміз. Бұны ертеректе-ақ білген адамдар аққаланы үш бөліктен құрап жасаған екен. Үш домалақ қар – үш әлемді білдіреді деп сенген. Нақты айтқанда, жоғарғы әлем, ортаңғы әлем және төменгі. Ал, осы үш әлем біріккенде таңғажайып оқиғалардың орын алатыны белгілі. Ендеше, қарға байланысты наным-сенімдердің шығуы текке емес. Тіпті балаларыңызбен бірге аққала соғып, қар лақтырып ойнау да ата-ана мен балалар арасындағы сүйіспеншілікті арттыратын көрінеді. Сондай-ақ, қарды бір-біріне лақтырғанда молшылық, сүйіспеншілік, сәтілікті беріп жатырмын деп ойлау керек екен.
Әрине, сіз тілегіңізді қардан сұрамайсыз, осыны дұрыс түсініңіз. Қардан арманыңыздың макетін жасау – оны тек визуализацияландырады. Ал, визуализацияланып, ойыңызда нақты суреті «салынған» кез келген нәрсе өміріңізде де орын алады. Өйткені, жер бетіндегі адам қолымен жасалған барлық нәрсе алдымен ойда пайда болған нәрселер.
Ж. Нұрабайқызы,