Жұмыссызға қандай жәрдемақы төленеді?

Жұмыссызға қандай жәрдемақы төленеді?

Мен жоғары білімді кәсіби маманмын. Үш балам бар, келіншегім бала күтімінде. Қазіргі таңда жұмыссыздар тізіміндемін. Мемлекеттен менің балаларыма немесе маған әлеуметтік көмек беріле ме?
Айқын ӘЛЖАППАР,
Қарағанды қаласы
«Қазақстан Республикасының балалы отбасыларға берiлетiн мем­лекеттiк жәрде­мақылар туралы» Қазақстан Республика­сының 2005 жылғы 28 маусымдағы Заңына сәйкес, отбасының орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен болған жағ­дай­да 18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы алуға құқылы. Әр балаға беріле­тін жәрдемақының мөлшері 1 айлық есептік көрсеткішті құрауы тиіс. Бұдан басқа белгілен­ген кедей­лік шегінен отбасының жан басына шаққандағы орташа айлық табысы төмен бол­ған жағдайда мемлекеттік атаулы әлеу­меттік көмек алуға үміт­кер бола алады. Бұл көмектің айлық мөлшерін уәкілетті орган отбасының жан басына шаққандағы орташа та­бы­сы мен облыста белгіленген кедейлік шегі арасындағы айырмасы түрінде есептей­ді. Бұдан басқа, об­лыс, қала және аудан әкім­дері, мен­шік нысанына қарамастан ұйымдар­дың, қоғамдық бірлестіктердің бас­шы­ларына өз құқығы мен құзыры шегінде әлеуметтік қорғауға мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қол­дау жө­нін­де қосымша шараларды белгілеу құқығы берілген. Осыған орай, атал­ған мәсе­лелермен, Сізге тұрғылықты жеріңіздегі әкім­дікке және жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарла­малар бөліміне хабарласуыңызға болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста