Жылдам әсер ететін диеталар
Уақыт аз, ал салмағыңыз сол қалпы anabol.kz аз уақыт ішінде жылдам арықтататын диеталарды назарларыңызға ұсынады. Ағзаңызға зиян келтірмей, бізбен бірге тез арықтаңыз!
Ең тиімді диеталар қатарынан алдыңғы орынды еншілейтін қияр диетасы.
Оның нәтижесінде бірнеше күннің ішінде 3-тен 5 кг кетіруге болады. Асқазанға залалын тигізбей, жылдам арықтауға мүмкіндік береді, сондай-ақ, асқорытуды жақсартып, ішек тазалайды.
Диета кезінде тәулігіне 2 кг қияр пайдалану қажет. Қиярдан салат жасап, сусын дайындап, сорпа істеп ішуге болады. Ол ағзаны тазарта түседі. Қиярдың 95 пайызы судан тұратын болғандықтан диетаның пайдасы зор.
Тез арықтауға көмектесетін "жылдам" диетаның тағы бір түрі:
Аз пайыздық 1,5 литр жаңа қайнатылған сүтке 2 ас қасық қара шай қосып, 45 минут тұндырып қою керек. Қоспа дайын болғаннан соң басқа тамақ ішпей, тек соны ішкен жөн. Асқазан біраз тазарып, салмақты жылдам тастайсыз. Ертеңінде 1,2 кг. қалай тастағаныңызды өзіңіз байқамай қаласыз.
Іске сәт! Біз ұсынған кеңестер пайдаңызға жарар деген ниеттеміз!