Жылдам қартайып жатқаныңызды көрсететін белгілер

Жылдам қартайып жатқаныңызды көрсететін белгілер

 Ғалымдардың пікіріне сүйенсек, адамның қартаю жылдамдығы тұқым қуалаушылықтан емес, ең алдымен сыртқы факторларға байланысты. Бұл жерде генетиканың үлесі бар болғаны 20 %. Зерттеулерге зер салсақ, кей адамдардың ағзасы басқаларға қарағанда 3 есе жылдам қартаяды екен. Біз жылдам қартайып жатқаныңызды көрсететін белгілердің тізімін жасадық. Назар салыңыз

1. Терінің шектен тыс құрғауы

Терінің сему белгілері 25 жастан бастап байқалады. Жағымсыз факторлар болса бұдан ертерек болуы да мүмкін. Уақыт өте келе олар айқын көріне бастайды. Егер теріңіз құрғап, түлей бастаса бұл эндокринді жүйедегі ауытқумен байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ гормондық мәселелер мен өмір салтының дұрыс болмауы да теріге әсер етуі ықтимал. Дұрыс тамақтанбау, күннен қорғайтын кремдерді пайдаланбау, күйзеліс мұның бәрі теріге әсер етеді. Тамақ рационыңыздың дұрыс болуына баса көңіл бөліңіз. Оның құрамында көкөніс, көк, жидектер болуы керек.

2. Қабақтың солуы

Көз үстіндегі жұқа теріге ішкі және сыртқы факторлар бірден әсер етеді. Шаршау, ұйқының қанбауы, күйзеліс, ультракүлгіннің көптігі және т.б. Қартаюдың алғашқы белгілері дәл осы аймақтарда пайда болады. Көз маңайындағы әжімнің қартайғанда болуы заңды. Егер олар 40 жасқа дейін пайда болса ішкі органдар жұмысының бұзылғанынан хабар беруі мүмкін. Мұның алдын алу үшін ұйқыны қандырып, тамақ рационыңыздан құрамында тұзы көп тағамдарды алып тастаңыз. Көбірек су ішіңіз. Күн сайын көз маңайындағы теріге күтім жасауды ұмытпаңыз.

3. Әйелдерде етеккір циклының бұзылуы

Әйелдерде етеккір циклының бұзылуы климакс кезеңінен хабар беруі мүмкін. Егер бұл 46-54 жас аралығында басталса қалыпты саналады. Егер ағзадағы ауытқушылықтар 40 жасқа дейін байқалса бұл ішкі органдардың мезгілінен бұрын қартайып жатқанын білдіреді. Ерте климакс симптомдарының арасында ұйқысыздық, көңіл-күйдің бірден құбылуы бар. Мұның алдын алу үшін үнемі гинекологтың бақылауында болу керек.

4. Физикалық әлсіздік

Егер баспалдақпен көтерілгенде, жаяу серуендегенде тез шаршап қалсаңыз физикалық тұрғыдан әлсіздігіңізді білдіреді. 40 жастан кейін мұндай әлсіздіктің болуы заңды. Мұның алдын алу үшін өзіңізге ұнайтын спорт түрімен шұғылданыңыз. Бұл йога, би, велосипед тебу болуы мүмкін.

5. Шаштың көп түсуі мен сынғыштығы

Күніне 50-125 тал шаштың түсуі қалыпты. Егер әр тараған сайын шаш бұдан көп түссе ағзада ауытқу бар екенін білдіреді. Бұл гормондық ауытқу себебінен болуы ықтимал. Бұның алдын алу үшін гигиена заттарын дұрыс таңдап, тамақ рационын көкөністермен байытыңыз. Күнге шыққанда шашыңызды қорғаңыз.

6. Ұйқының бұзылуы

Ұйқының бұзылуы адамның жасына байланысты емес. Бірақ ол қартаю фактілерінен хабар беруі мүмкін. Оның алдын алу үшін йогамен немесе жүзумен айналысып, ұйықтар алдында телефон ақтармай, кітап оқуға тырысыңыз.

mazhab.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста