Жыныстық қатынас арқылы қалай арықтауға болады?
Махаббат сезімі спортзалдағы жаттығуларды алмастыра ала ма? Әрине, жоқ. Ал жыныстық қатынастың арықтауда пайдасы айтарлықтай. Ол қаншалықты жақсы болған сайын, идеалды фигураға жол ашыла түседі. Біз фитнестің ең жағымды түрі жайында қызықты дәлелдер топтамасын жинастырған болатынбыз.
Жыныстық қатынас калория кетіреді
Сүйікті сериалыңызды көріп теледидар алдында бір сағат отырсаңыз қалай болғанмен 70 калория кетіреді. Ал егер де жыныстық қатынасқа түссеңіз, 25 минутта-ақ 88 калория кетіруге болатынын білесіз бе? Мұның нәтижесі велотренажерде дайындалғанмен бірдей.
Жыныстық қатынас бұлшықетті шынықтырады
Жыныстық қатынасқа түскенде денеңіздің төмен жағына салмақ түсетіні рас. Соның әсерінен аяқ, іш, жамбас жақтың бұлшықеттері шынығады. Ал ләззат алғанда пульс жиіленіп, калория жылдам кететін болады.
Көмірсу мен майға деген құмарлығыңызды басады
Мұны фантастика деп ойларсыз, бірақ, бұл шындық. Күнделікті жыныстық қатынас ағзадағы күйзеліс гормондарының күшеюін басады. Ал күйзеліс гормондарының күшеюінен адамның тәбеті ашылып, зиянды тағамға құмартып тұратын болады.
Жыныстық қатынас арықтау процесін жылдамдатады
Ұйқы жүйесінің дұрыс болмауы семіздікке алып келеді, тіпті, сіз диетаға отырсаңыз да оның пайдасы жоқ. Ал жыныстық қатынас ұйқының жақсаруына көмектеседі. Қалай? Окситоцин, яғни ләззат гормонының белсенді түзілу нәтижесінде ұйқы жақсара түссе керек. Ұйықтар алдында жай ғана құшақтағанның өзінде окситоцин деңгейі көтеріледі. Ғылымға сүйенсек, ұйқының дұрыс болуы негізінде екі есе тез салмақ тастауға болады екен.
Жыныстық қатынас өз-өзіңізді жоғары бағалауға мүмкіндік береді
Өзіңізді бағалау деңгейі мен махаббатпен айналысу арасында мызғымас байланыс жатыр. Себебі, жыныстық қатынаспен қаншалықты жиі айналысқан сайын өзіңізге соншалықты күтім жасай түсесіз. Нәтижесінде сыртқы келбет пен денсаулығыңызға үлкен мән беретінің рас. Қарап тұрсақ, өз-өзіне көңілі толатын жандар махаббаттан жиі бас тарта қоймайды.