Жыныстық қатынас кезіндегі жарақат алу қаупі жайлы білесіз бе?

Жыныстық қатынас кезіндегі жарақат алу қаупі жайлы білесіз бе?

Қарқынды жыныстық қатынастың әсерінен тек төселген жиһаз ғана емес, адамның денесі де зардап шегуі мүмкін. Остеопат дәрігер Асқар Өткелбаев «Караван» басылымына берген сұхбатында, ләззаттанған организмнен адреналин және эндорфин бөлініп шығады, сол себепті серіктестердің көбісі ауырлықты бірден сезінбейді дейді.
«Әйелдердің әдеттегіден де көп тізесін бүгіп тұруы, көп ретте бел омыртқаларын ауыртуға әкеліп соғады. Сосын мойын да ауырады. Әрі қарай жамбас бұлшық еті жарақат алады. Бұл да әйелдерге қатысты. Себебі қатынас барысында серіктесінің аяғына қысыла түседі. Бұның бәрі менің тәжірибемнен емес. Егер еркек төсек қатынасы кезінде әйелді қатты жарға тіреп мойын омыртқасын ауырта түсетін болса, мұның нәтижесінде арқа тұсына ауырлық түсіп, әйел сал ауруына да ұшырауы мүмкін. Бақытқа қарай, мұндай жағдай сирек кездеседі», – дейді дәрігер.

Асқар Өткелбаевтың айтуынша, жарақат көбінесе шектен тыс елірген, дөрекі, тым қатты энергетикалық секс кезінде пайда болады екен. Кім ыңғайсыз орналасса төсекте, сол көп зардап шегеді. Сондықтан көп нәрсе қалыпқа байланысты. Мәселен, миссионерлік дене қалпын дәрігерлер қауіпті деп санайды: еркекте бұл қалып кезінде омыртқасы бүктеліп қалу қаупі туындайды екен.

«Егер жыныстық қатынастан ұзақ уақытқа қол үзетін болса, онда жыныс мүшелерінің және жатыр мойыншағының қабынуы орын алуы мүмкін. Ал эрекция кезінде дене жасушалары тапталып, еркектің күші әлсірейді», – дейді уролог Ренат Үмбетов.

Кең таралған жарақаттардың бірі – еркектің жыныс мүшесі аймағындағы ілмектің бұзылуы. Бұл қолайсыз жарақат көбінесе есірген, қарқыны қатты төсек қатынасы кезінде орын алуы мүмкін. Сондай-ақ бұл жарақатқа ер мен әйелдің төсектегі күй қалыбын дұрыс таңдамаулары да әсер етеді. Ер мен әйелдің бірінің жыныстық қатынасқа ішімдік ішкен күйлерінде де түсуі денсаулық жағдайларына біраз зиян келтіреді.
stan.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста