Жыныстық қатынастан ештеңе сезбеймін, оның себебі неде?
Оқырман: Сәлем. Менің атым Мейірім. Сіздердің жұптық қатынасқа қатысты мақалаларыңыз ұнағандықтан жазып отырмын. Сұрақ қойғым келеді. Менің тұрмыс құрғаныма 4 жыл уақыт болды. Осы уақыт аралығында мен ешқандай оргазм алмадым, тіпті ештеңе сезбеймін. Керісінше нашар сезініп кетемін өзімді. Түрлі амалдар да жасап көрдім, көмегі болмады. Бұл ненің белгісі? Бұған не әсер етуі мүмкін? Маған дәрігерге бару керек пе әлде Кегельдің жаттығулары көмектесе ме? Жауаптарыңызды күтемін. Рақмет!
Жауап: Бұл жерде мәселе сіздің әлі жұптық қатынасқа үйренбеуіңізде болуы мүмкін. Сондықтан сезімталдығыңызда оянбаған. Әрине Кегель жаттығуларының пайдасы бар, бірақ ол жеткіліксіз. Бұл жерде сізге кешенді күтім керек. Негізі маманға барып көрінгеніңіз дұрыс болады.