Сұрақ-Жауап. Кеңес
Еліміз Интерполға қашан мүше болды?
Қазақстан Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция ұйымына қа­шан мүше болды? Интерполдың елімізде қандай да бір мекемесі бар ма?
«Тәуелсіздік толғауы» қашан болады?
«Тәуелсіздік толғауы» атты конкурстың талаптары қандай? Бұл байқау биыл да ұйымдастырыла ма, негізгі бағыттары қандай?
Биыл Күн мен Ай қай уақытта тұтылады?
Осы жылы Күн мен Айдың тұтылу құбылыстары бола ма? Толық мәлімет берсеңіздер.
«Плеймейкер» деген сөз қалай аударылады?
Осы футболда шабуылды өрбітіп отыратын ойыншыны плеймейкер дейді. Бұл сөз қандай мағынаны білдіреді? Қай елдің сөзі? Нақты қалай аударылады?
Қазақтың тұңғыш партиясы қалай аталды?
Өткен ғасырдың басында елімізде бірқатар партиялар құрылғаны белгілі. Десек те, қазақтың тұңғыш саяси партиясы ретінде қай партияны атауға болады. Ол партияны кімдер құрған?
Бала бір жасқа толғанша жалақының 40 пайызы төленеді деген сөз рас па?
Мен мектепте 08.02.2011–01.06.2011жылдар аралығында жұмыс істеп, декреттік демалысқа шығып, бала күтіміне байланысты үйде отырдым.
Кенеден қалай сақтану керек?
Күн жылынысымен кенелердің белсенді болатынын білеміз. Осы орайда олардан сақтану жолдары жайлы айтсаңыздар екен.
Дельфин қандай «дәрігер»?
Құрбым маған дельфинотерапия алуға кеңес берді. Бірақ оның не екенін толық түсіндіре алмады. Расында, ол қандай терапия, қандай ауруларға шипасы бар?
Ғалымның қандай еңбектері бар?
Белгілі қайраткер ғалым Жабайхан Әбділдин қандай қызметтер атқарған және ғылымның қай саласын игерген, қандай еңбектері бар?
Жалғызбасты ананы қандай жағдайда жұмыстан шығаруы мүмкін?
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қызметкерлерді жеке және ұжымдық келісімшарт жасамай-ақ жұмысқа қабылдауға құқығы бар ма?
Астана халқының саны 2030 жылы 1 млн 200 мың адамға жетеді
Астана қаласының демографиялық жағдайы жайлы білгім келеді. Бүгінде 743 мың халқы бар елордамыз өсу үстінде. Астанада осыдан 30 жылдан кейін қанша халық тұруы мүмкін?
Күзетшіге мереке күндері үшін үстемақы төленуі тиіс пе?
Мен күзетші болып жұмыс істеймін. Бізге мереке күндеріне қосымша ақы төле­мейді. Жыл соңында сыйақы да бермейді. Есеп бөліміндегілер «ауысыммен істейтін күзетшілерге мереке күндеріне қосымша ақы төленбейді» дейді.
Мүгедектерге қандай әлеуметтік көмек беріледі?
Менің қызым туа бітті І топ мүгедегі. Басқа адамның көмегінсіз өз бетімен жүріп-тұрып, тамақ іше алмайды. Сондықтан мен жұмыс істемей қызымды бағып-күтіп отырмын.
Бізде жануарлар құқығы туралы пән оқытыла бастады
Жоғары оқу орындарында төрт түліктің құқығы туралы пән беріле бастаған дейді ме?
Тұрғын үй кезегіндегі адамды тіркеуден алып тастау қаншалықты заңды?
Мен ІІ топтағы мүгедек едім. 2007 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрмын. Өткен жылы күзде емделуге шетелге кеттім де, биыл тұрғын үй департаментіне барсам
Іс жүргізушінің жоғары білімі ескеріле ме?
Мен бір мекемеге іс жүргізуші болып жұмысқа орналастым. Бұрынғы іс жүргізушіге G-14 санаты бойынша еңбекақы төленіп келген екен.
Бидің пайдасы қаншалық?
«Би қимылдары арқылы көңіл күйді де, денсаулықты да жақсартуға болады» дегенді естідім. Бидің адам ағзасына, шынымен де, пайдасы бар ма?
«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы туралы ақпарат керек
Мен қазақтың киелі білім ордасы – ҚазҰУ-дің балық шаруашылығы мамандығын 2010 жылы тамамдадым. Қазір туған жерім Бақанаста, Бірлік елді мекенінде тұрып жатырмын.
Кітапханашылардың жалақысы өсе ме?
Соңғы жылдары мұғалімдер мен дәрігерлердің айлық жалақысы кезең-кезеңмен өсіп келеді. Алайда кітапханашылардың жалақысын өсіру туралы сөзді ести бермейміз.
Жинаққа қай ертегілер енген?
Қазақ ертегілерінің DVD жинағы жарыққа шыққан көрінеді. Жинаққа қанша ертегі енгізілген?