Сұрақ-Жауап. Кеңес
Еңбек кітапшасын қайта қалпына келтіру қиын емес пе?
Еңбек кітапшасын жоғалтып алып едім, онда жазылған мәліметтерді қалпына келтіруге бола ма? Және бұл кітапшаның болуы міндетті ме?
Заңды тұлғалар келісім шартқа отырғанда бір-бірімен АҚШ долларымен есеп айырыса ала ма?
Менде мынадай сұрақ бар еді: Заң бойынша жергілікті заңды тұлға болып тіркелген шетелдік компания басқа жергілікті заңды тұлғалармен келісім шартқа қол қойған кезде АҚШ долларымен келісім шартқа отыра ала ма?
Пәтерді дүкенге айналдыру үшін көршілерден рұқсат алу қажет пе?
Жақында мен қаланың қақ ортасынан үш бөлмелі пәтер сатып алдым. Бір жақсысы, мұнда сауда жасауға өте қолайлы екен.
Алапес ауруынан құтылу мүмкін бе?
Бұл сұраққа Алматы мемлекеттік дәрігерлер білімін жетілдіру институты Тері-венерология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымының докторы, профессор Гүлсім АСҚАРОВА жауап береді:
Желтоқсан көтерілісінде неше адам жапа шекті?
Қоғам қайраткері, Желтоқсан оқиғасына байланысты төрт кітап шығарған жазушы Қайым-Мұнар Табей мырзаның айтуынша, Желтоқсан көтерілісінен 33 мың адам жапа шеккен.
Алматыдағы №1 қалалық аурухана ауласынан емдік су шығады деген сөз рас па?
№1 қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігері, медицина ғылымының докторы Дамир ДӘУЛЕТБАЕВ жауап береді:
Ата-бабаларымыз азаттық үшін неше рет көтеріліс жасады?
–Біздің ата-бабаларымыз азаттықты бұрыннан аңсап келді.
Сот сарапшысы болуым үшін не істеуім керек?
Мен болашақта сот-медициналық сараптама орталығында жұмыс істегім келеді. Мұндай мамандар қайда дайындалады?
Дәрігерлердің емханада емделу үшін де талон талап етуі заңды ма?
Мен негізі Түркістан қаласының тұрғынымын. Алматыда уақытша жұмыс істеймін.
Қымыздың адам денсаулығына нақты қандай пайдасы бар?
Бие сүті адам денсаулығына пайдалы деп жатамыз. Бірақ адам организмінің нақты қай жеріне пайдалы. Ол ғылыми тұрғыда дәлелденген бе?
Туберкулезбен ауыратындарға мемлекеттен көмек беріле ме?
Мен туберкулез ауруына шалдықтым. Туберкулезге қарсы диспансерде жиі ем аламын.
"Білім беру ісінің үздігі" белгісін алған мұғалімдерге үстемеақы төлене ме?
Менің білім саласында қызмет атқарып келе жатқаныма 30 жыл болды. Осыдан 10 жыл бұрын ҚР білім беру ісінің үздігі белгісін иелендім.
Көлік жаңа болса да техбайқаудан өтті деген талон алуымыз керек пе?
Мен жақында ғана автосалоннан жылы жаңа көлік сатып алдым. Осы ретте елімізде «шыққанына жеті жылдан аспаған көліктерді техникалық байқаудан өткізудің қажеті жоқ» деген заң шыққан болатын.
Декреттік төлемақы қанша уақыт ішінде төленуі керек?
Мен босануға дейінгі жәрдемақымды алу үшін тиісті органға құжаттарымның барлығын өткізіп қойдым. Алайда ондағылар маған «енді ақша үш айдан кейін түседі» дейді.
Қышыма ауруынан емделудің жолы бар ма?
Негізі, тез жұғатын аурудың бірі – қышыма. Осы аурудан қалай құтылуға болады, одан сақтанудың жолдары бар ма?
"Дипломмен - ауылға" бағдарламасы бойынша жұмыс табуға бола ма?
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша қалай жұмыспен қамтыла аламын? Алматыда осы бағдарлама бойынша толық мәліметтерді қайдан алуға болады?
Үй алуға кезекке тұрған адамды тіркеуден алып тастау заңды ма?
Мен ІІ топтағы мүгедек едім. 2009 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрмын. Өткен жылы күзде емделуге шетелге кеттім де, биыл тұрғын үй департаментіне барсам, «уақытында қайта тіркеуден өтпедің
Баланың туылуын тіркеу үшін қай мекемеге барамын?
Баланың туылуын тіркеу үшін Халыққа қызмет көрсету орталығына бару керек пе, әлде АХАЖ бөліміне ме?
Супермаркетке коляскамен кіруге тыйым салынған ба?
Менің бес айлық балам бар. Кейде сәбиімді үйде жалғыз қалдыра алмай, дүкендерге бірге алып жүруіме тура келетін кездер болады.
Жұмысқа келмеген үшін айыппұл салған заңды ма?
Заңгерлердің айтуынша, егер жұмысшы дәлелді себепсіз үш немесе одан да көп рет жұмыстан қалса, онда жұмыс беруші еңбек шартын бұзуына болады екен.