Кредиттік тарихты қалай білуге болады?
⠀Оны интернет немесе мобильді қосымша арқылы, кредиттік бюролардың кеңселерінде, ХҚКО-да немесе «Қазпоштада» алуға болады.
⠀
«Мемлекеттік кредиттік бюродан» кредит тарихын алу үшін жеке куәлік және толтырылған өтініш қажет болады. Есепті бір тәулік ішінде аласыз.
⠀
«Бірінші кредит бюросында» (БКБ) кредит тарихын бірнеше тәсілмен алуға болады.
⠀
БКБ офисінде жеке немесе заңды тұлғаға арналған кредит есебін алуға болады. Жеке куәлікті немесе заңды тұлғаға арналған құжаттарды көрсетсеңіз 15 минуттан кейін кредит есебін аласыз.
⠀
БКБ сайтында электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен кредит тарихын алуға болады.
⠀
Кредит тарихын сұрау туралы өтінішті пошта арқылы жіберуге болады.
⠀
Егер сіз бір жылда кредит есебін екінші рет сұратсаңыз, онда қызметке ақы төлеу туралы түбіртектің көшірмесін қоса беріңіз.
⠀
БКБ – 1CB.kz мобильді қосымшаның көмегімен– кредит есебін мобильді телефонға алуға болады. Мобильді телефонға енгізілген электрондық цифрлық қолтаңба және төлем картасы қажет болады.
⠀
"Egov.kz" порталы. Электрондық үкіметтің «Салықтар және қаржы» бөлімінде дербес кредит есебін аласыз. Өтінішті интернет арқылы толтырыңыз. Электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен қол қойыңыз, нәтижесін «Жеке кабинетте» көре аласыз.
⠀ ХҚО-да. Кредит есебін бүкіл Қазақстан бойынша ХҚО-ның 80 бөлімшесінде алуға болады. Бұл үшін сізге жеке куәлік қажет болады.
⠀
«Қазпочта». Сіз дербес кредит есебін бүкіл Қазақстан бойынша «Қазпочтаның» 1688 бөлімшесінде жеке куәлікті көрсете отырып алуыңызға болады. Бір жылда бірінші рет өтініш білдірген кезде сіз «Қазпочта» комиссиясын ғана төлеуіңіз қажет.
⠀
Myth.kz. Myth.kz сайтында кредит есебін алу үшін ЖСН, электрондық цифрлық қолтаңба және төлем картасы қажет болады.
⠀
Ақпаратпен бөлісіп, қойып, сақтап алыңыз!
#ЗаңЗаңғары #заңгерліккеңес
#ЗанЗангары