Абайдың бейнесі сақталып қалған екі фотосуреттің тарихы

Абайдың бейнесі сақталып қалған екі фотосуреттің тарихы

 Бүгінде Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік қоры-музейінде Абай Құнанбайұлының екі фотосуреті ғана сақталған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Семейдегі мемлекеттік музейдің ғылыми қызметкері Қуат Қиықбай айтып берді.

Музей қызметкерінің айтуынша, бұл түпнұсқа суреттерді музейге Мұхтар Әуезов тапсырған екен.

"Бірінші суретте Абайдың Ділдәдан туған тұңғыш баласы Ақылбай және Абайдың өзі және Әйгерімнен туған ұлы Тұрағұл. Сурет 1896 жылы Семей қаласында түсірілген. Түпнұсқа. Ұзындығы мен ені 9-13 сантиметр. Картон қағазға мұқият жапсырылған. Абай музейіне 1941 жылы 6 ақпанда №40 қабылдау акт бойынша өткізілген. Фотоны тауып-сақтап Абайдың жаңадан құрылған Семейдегі музейіне өткізуші - Мұхтар Әуезов.

Ол өзінің Алматыдағы мекенжайын көрсетіп қол қойған. Абай музейінің негізгі қор кітапшасында: "Абай с сыновьями Акылбаем и Турагулом (подлинник). Снято 1896 году в г. Семилалатинске фотографом Н. Г. Кузнецовым. В дар музею Абая от Мухтара Омархановича Ауээова" деп жазып, фотосуреттің түсірілген жылын, түсірушінің аты-жөнін, Мұхтар Әуезовтың ұлы ақынның музейіне сыйға тартқанын анықтап ашып көрсөтіп белгілеген", - дейді Қуат Қиықбай.

Ақылбай Абайұлы, Абай Құнанбайұлы, Турағұл Абайұлы. Семей.1896 жыл.Оның айтуынша, суретті фотограф Н.Г. Кузнецов түсірген.

"Екінші сурет - Абайдың отбасымен 1903 жылы түскен суреті. Мұнда Абай өзінің Жидебайдағы үй ішімен түскен қалпында бейнеленген. Бірінші қатарда Пәкизат - бөрік киіп отырған қыз бала мен Әубәкір. Бұл екеуі - Ақылбайдың балалары. Оспан бұл екеуін бауырына салып өсіріп, өз баласы ретінде көрген. Ортада отырған - Абай. Екінші қатарда - Мағауия, Еркежан және Әубәкірдің әйелі Камалия. Алдыңғы қатарда отырған - Турағұл", - деп сипаттайды қызметкері.

Абай отбасымен, 1903 жыл. 1-қатарда: Пәкизат, Турағұл Абайұлы, Әубәкір Ақылбайұлы. Отырған Абай Құнанбайұлы. 3-қатарда: Мағауия Абайұлы, Еркежан, Кәмәлия (Әубәкірдің әйелі).

Tengrinews.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста