Абайлаңыз! Әлеуметтік желіде балаңыз отыр!

Абайлаңыз! Әлеуметтік желіде балаңыз отыр!

Ғаламтор елімізде етек жая бастағаннан жастардың, соның ішінде кәмелет жасқа толмағандардың қызығушылығы аса жоғары. Көбісі жаппай әлемді жалмаған осы бір тордың құрсауында қалып жатыр. Кез келген жасты алып қарасақ, әлеуметтік желілердің кемінде бір-екеуіне тіркелген. Ал, бұндай көз ілестермес жылдамдықпен дамып кеткен ғаламтордың құдіретін ешкім елестете де алмайтыны анық. Ата-аналар балаларының қайда тіркеліп, кіммен сөйлесіп, нені көретінінен хабардар деп ойлайсыз ба? Әрине, жоқ. Осыдан біршама уақыт бұрын, Вконтакте желісіне тіркелген жетінші сынып оқушысының парақшасына кіріп көрдім. Ең бірінші көзге түскені «Жоқ болшы бар» деп аталатын топтағы мына пост болды: «Ия, мен басқа қыздарға ұқсап ырбаңдап әрбір жігітпен бір жүріп…» Он үш жастағы жасөспірім қыздың бұл жазғаны мүмкін орынды (өтпелі кезең), дегенмен осындай ойда жүрген қыздың сабаққа деген зейіні қалай болмақ? Бұл әрине біріншіден балалардың білімге деген ынтасын төмендетеді. Сабақта отырып, интернетке кіріп отыратындары да жоқ емес. Тіптен кейбірі берілген тапсырмаларды сол аты шулы ғаламтордан көшіріп жазуды да қалыпты жағдайға айналдырып алған. Бұдан өзге, аталмыш желілер басқа ағымдардың соңынан кету, өз өзіне қол жұмсау, түрлі анайы видеоларды көру, басқа ой қалыптастыратын ойындарға байлану сияқты өзекті мәселелерге ықпал етуде.
-Доча, үйдесің бе?
-Ия, мам, не болды?
-Шәй қойшы
-Жарайды
-Барғасын сериал көреміз, мегабайт бар ма?
-Жоқ
-Кетші бар…
Бұл инстаграмда жарияланған. Қазіргі замандағы қызы мен анасының әңгімесі. Дәл осындай қарым-қатынас, бала мен ана арасындағы сыйластықтың да, тәрбиенің де ең төменгі деңгейде екендігін көрсетеді. Баласы бір нәрсе сұраса, «гугл тұр ғой, содан қарасай» дейтін заман. Ал, сол бір ақылшы, айырылмас серікке айналған ғаламтордың да, әлеуметтік желілердің де балалармыздың санасын қалай улап жатқандығына ешкім аса мән беріп жатқан жоқ сыңайлы. Ешқандай кедергісіз тіркелуге мүмкіндігі бар әрбір жан патша көңілі қалаған нәрсені көре алады. Мектепке баратын бала сіз білмейтін сөздерді, терминдерден хабардар. Кеше бір танысым, алты жасар інімнен сұрадым:
«-Осы сен ютубқа кіріп не көресің, мультфильм ба?
-Жоқ, мені бала көресің бе? Осындай атыс-шабыстарды көремін. Өскенде менде сондай боламын… Осы бір жауабынан кейін үнсіз қалдым»,-дейді. Ия, қазір бала шуламасын, жыламасын, мазамызды алмасын деп, қолдарына бір-бір телефонды ұстата саламыз. Тыныш отқанына өзіміз мәз боламыз. Менің балам телефонды шемішкедей шағады деп те мақтанып қоямыз. Ал, баланың ойлау қабілеті мен сана сезімі қалай дамып, қалыптасып жатқанына көңіл бөлмейміз бе? Тіптен әлеуметтік желіге тіркелген жасөспірімдер мен балалар ата-анасының, аға-апаларының, одан зоры ата-ажелерінің суреттері мен посттарына лайк басып, комментарий қалдырып жатқандығы да өтірік емес. Өткенде бір кісі, «немерем маған лайк басты, содан бері мен ұялып жүрмін. Бір нәрсе жазардан бұрын, ойланып алатын болдым»,-дейді. Не десек те, ұрпағымыздың дұрыс жолмен жүріп, мына қоғамда шалыс баспаулары. Осы орайда, жоғарғы биліктегі ағаларымыз, 16жасқа толмаған жасөспірімдерді әлеуметтік желіге тек ата-аналарының рұқсатымен ғана тіркеу қажет деген ұсыныс жолдапты. Бұл қос қолдап қолдайтын мәселе-ақ. Тек енді қағаз жүзінде ғана қалып қоймай, іспен дәлелденсе екен. Сіз де не нәрсені жарияламас бұрын, абай болыңыз, себебі желіде балалар отыр...

Үкімет "Ақ жолдың" балалардың ата-анасының рұқсатынсыз әлеуметтік желілерде тіркелуіне тиым салу туралы ұсынысын қолдады – бұл мәселе жұртшылықтың талқылауына шығарылатын болады
Үкімет "Ақ жолдың" балалардың ата-анасының рұқсатынсыз әлеуметтік желілерде тіркелуіне тиым салу туралы ұсынысын қолдады – бұл мәселе жұртшылықтың талқылауына шығарылатын болады. Бұл туралы жуырда Премьер-министр Мәсімовтың ҚДП фракциясының сауалына берілген ресми жауабынан белгілі болды.
Ағымдағы жылдың 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күнінде "Ақ жол" партиясының депутаттары қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік орындар, жеке және заңды тұлғалар баланың денсаулығына, рухани дамуына әлеуметтік ортаның, ақпараттың, үгіт-насихаттың кері әсер етуінен қорғауын ескертті.
Балалардың өз өзіне қол жұмсауының негізгі себебінің бірі - әлеуметтік желілердегі суицидті насихаттайтын ақпараттарға кедергісіз қол жеткізуі деп ойлайды «Ақ жолда». Әлеуметтік желілердегі жасөспірімдер үшін келесі қауіпті аймақ әлеуметтік көнбеушілік пен терроризмді, сонымен қатар радикалды секталарға шақыруды насихаттайтын ақпараттар болып табылады.
«Сонымен қатар, кәмелетке толмаған жастарды азғындауға бағытталған ақпараттар кері әсерін тигізуде. Олар жастарды қоғамға қарсы және жағымсыз сексуалдық тәртіпсіздіктерге итермелейді»,- делінген сауалда.
Айтылған мәселені шешуде Европа елдерінде пайдаланып жүрген тәжірибесін пайдалану керек деп ойлаймыз.
Қазіргі кезде Бұқаралық ақпарат құралдарында Европарламенттің үкімі қызу талқылануда. Онда 2017 жылдан бастап 16 жасқа толмаған балалардың ата-анасының рұқсатынсыз әлеуметтік желілерде тіркеліп, өз парақшасын ашуға тиым салу туралы айтылған. Европарламенттің қаулысына сәйкес Компаниялар әлеуметтік желілерде тіркелуде ата-анасының рұқсатын алуды немесе байланысты тиым салуға мүмкіндіктерді қарастырулары қажет.
Осыған байланысты, "Ақ жол" депутаттық фракциясы Премьер-министрдің Мәсімовтің атына осындай шектеулерді енгізу туралы ұсынысымен жүгінді.
"Тиімді тетіктерін құру мен және ақпараттық қауіпсіздікке балалардың құқықтарын қамтамасыз ету бағытында Ұлттық заңнаманы жетілдіру мәселесі өзекті. Бұл тұрғыда, Қазақстан үшін, әрине, балаларға, олардың ата-аналарының келісімінсіз желілердегі әлеуметтік аккаунттарды бастауға тыйым салуға бағытталған арнайы алгоритмдер әзірлеу бойынша Еуропарламент бастама қызығушылықты көрсетеді.
«Баяндалғанды ескере отырып, оны қоғаммен, БАҚ және басқа да мүдделі органдармен талқылап, ақпарат және коммуникациялар Министрлігіне осы мәселені талдау тапсырылды», - делінген Үкіметтің жауабында.
Қолданыстағы ұлттық заңнамаға аталған түзетулерді кіргізу қазақстандық балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы нақты қадам болады,- деп сенеді «Ақ жолда».
«Ақ жол» ҚДП және оның парламенттік фракциясы сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізуде.

Назерке Шарападдин
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста